22.10.2021, 20:13 189833

Аймағамбетов "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді

Елімізде толық жинақталған ауыл мектептерінде жан басына қаржыландыру біртіндеп енгізілетін болады, педагогтердің еңбекақысын арттыру мәселесі қаралады.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАЗАН - ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. 
 

Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы туралы айтқанда, біз бұл құжатты білім беруді дамыту тұжырымдамасымен бірге қарастыруымыз керек. Бұл құжатты жыл соңына дейін бекіту жоспарланып отыр", — деді А. Аймағамбетов. 

 
Министрдің айтуынша, ұлттық жобаға сәйкес елімізде толық жинақталған ауыл мектептерінде жан басына қаржыландыру біртіндеп енгізілетін болады, педагогтердің еңбекақысын арттыру мәселесі қаралады. 
 
Ұлттық жоба 4 негізгі бағыттан, 5 міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. 
 

Оның ерекшелігі – ол нақты және ең маңызды міндеттерге бағытталған. Егер 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламамен салыстыратын болсақ, онда бұл жерде іс-шаралар 10 есе аз. Бірақ бұл проблемалар аз шешіледі дегенді білдірмейді. Дәл осы жерде мемлекет негізгі қол жеткізуге болатын және ең қажетті міндеттерге баса назар аударады", — деді А. Аймағамбетов.

 
Атап айтқанда, ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру және т.б. мәселелер өз жалғасын тапты.
 
Ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
 
Сонымен қатар, Министр бір жарым жыл ішінде педагогтердің құқықтарын бұзғаны үшін 200-ден астам түрлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғанын айтты. Онңы айтуныша, олардың бір бөлігі жұмыстан босатылған, бір бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, айыппұл салынған, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 
 

Педагог мәртебесі" туралы Заңның педагог мәртебесін орындау бойынша осы ымырасыз ұстанымды біз алдағы уақытта да ұстанатын боламыз. Егер біз Семей қаласындағы жағдай туралы айтатын болсақ, өз ұстанымымызды айқын білдірдік, біз бұл ақпарат пайда болғаннан кейін алдымен бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келетініне көз жеткізуге тырыстық. Осындай өрескел істің орын алғанын білгенде, біз өз ұстанымымызды білдірдік. Отырыс өткіздік, мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға тартқан қызметкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық", — деді білім министрлігінің басшысы.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны