09.07.2025, 17:15 93436
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары балалардың қауіпсіздігі үшін терезе блокираторларын орнатуда
Достарға айту
Жыл басынан бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары еліміздің түкпір-түкпірінде көпқабатты үйлердегі пәтерлерде қорғаныш терезе блокираторларын орнату бойынша кең ауқымды акция өткізуде. Бұл бастама аясында ерекше назарды қажет ететін отбасылардың үйлерінде қазіргі уақытта 2500-ден астам қорғаныш құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
ТЖМ құтқарушылары барлық құрылғыларды көпбалалы, әлеуметтік осал отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылардың пәтерлерінде тегін орнатады.
Акцияның басты мақсаты - балалардың терезеден құлауының алдын алу. Өкінішке орай мұндай оқиғалар балаларды тіпті қысқа уақытқа қараусыз қалдырғанда да, терезе ашық болса, орын алып жатады.
ТЖМ ата-аналарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызды ережелерді ескертеді:
- үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезе маңына жиһаз қоймаңыз - бала үстіне шығып кетуі мүмкін;
- тек қорғаныш механизмі бар терезелерді пайдаланыңыз;
- бала терезені аша алмауы үшін терезе тұтқасын бекітіп қойыңыз;
- баланы терезе алдына шығуға үйретпеңіз;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз балконға шығармаңыз;
- москит торы құлап кетуден қорғай алмайтынын есте сақтаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі - ересектердің қолында!
ТЖМ құтқарушылары қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бар күшін салуда, алайда басты жауапкершілік - ата-аналарға жүктеледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 немесе 101 нөмірлеріне дереу қоңырау шалыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.12.2025, 14:50 2876
Дрон курьер ретінде: Алматыда пилотсыз жеткізу жобасы іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Lifestyle елдегі ұшқышсыз жеткізу қызметін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Тараптар дрон арқылы жеткізудің пилоттық жобасын іске қосуға келісті. Құжат қалалық инфрақұрылым мен цифрлық шешімдерді дамытуға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қала тұрғындарының жайлылығына басымдық бере отырып, тауар жеткізудің жаңа форматын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық аясында Freedom Lifestyle жобаларды қаржыландыруға және ұйымдастыруға қатыса алады, сондай-ақ ұшқышсыз жеткізу қызметін өздерінің цифрлық өнімдеріне енгізеді. Компания 2025 жылдың басынан бастап ұшқышсыз ұшу аппаратының операторлары командасын қалыптастырып, Freedom X R&D-зертханасында дронмен жеткізу технологияларын тестілеуден өткізіп келеді.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің рөлі - реттеуші ретінде қатысу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаңа технологияларды қалалық ортаға енгізуді үйлестіру. Министрлік жобаны пилоттық кезеңде сүйемелдеп, түсінікті ережелерді қалыптастырады.
Меморандумға қол қою мемлекеттің ұшқышсыз технологиялар мен заманауи логистикалық сервистерді дамытудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Пилоттық жобалар технологияларды нақты жағдайда сынауға, қажетті нормативтік шешімдерді пысықтауға және осындай қызмет түрін әрі қарай кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз үшін қуаныштымыз және бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл серіктестік ұшқышсыз технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді, жеткізу процесін жылдам әрі тиімді етеді", - деді Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Ли.
Алматыдағы пилоттық жоба аясында дрондар азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін пайдаланылады. Бір ұшқышсыз аппарат екі нүктеден 3 шақырымға дейінгі радиуста, салмағы 10 килограмға дейінгі жүкті тасымалдай алады. Ұшулар күндізгі уақытта және қолайлы ауа райы жағдайында ғана орындалады.
Пилоттық жобаны 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске асыру жоспарланған және кезең-кезеңімен дамытылады. Ұшу қауіпсіздігі, байланыс арналарының тұрақтылығы расталған сайын және қала тұрғындарының кері байланысын ескере отырып, дрондар санын біртіндеп арттыру көзделіп отыр. Бұл сервисті қалалық жағдайда сынап, оны әрі қарай, ауылдық жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде жобаны іске қосуға қажетті инфрақұрылым толық дайын, ал ұшу қауіпсіздігі мен азаматтарды қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Штаттан тыс жағдайларда дрондарды автоматты түрде қайтару немесе қауіпсіз қондыру шаралары қарастырылған. Әрбір дрон парашюті бар қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған және интернет байланысы үзілген жағдайда да автономды режимде ұшуды жалғастыра алады.
Халық үшін тәуекелдерді барынша азайту мақсатында жеткізу маршруттары негізінен жасыл аймақтар: саябақтардың үсті және көше бойларымен құрылады. Оператор жұмысы авиациялық реттеушілермен келісілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Болашақта жоба тек қалаларда ғана емес, шалғайдағы елді мекендерде де жеткізу мүмкіндігін қарастыра отырып, логистикалық сервистердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 16:43 13126
Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Түркия астанасында қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған "QAZAQ CONCERT" атты концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен, сондай-ақ "QAZAQ CONCERT" шығармашылық ұжымы қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Концерттің басты мақсаты - Қазақстанның бай музыкалық мұрасын Түркия жұртшылығына таныстыру, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және қазақ ұлттық өнерін халықаралық деңгейде дәріптеу. Шара аясында дәстүрлі халық әндері, күй өнері және этно-заманауи музыкалық шығармалар көрермен назарына ұсынылды.
Кеш барысында Қазақстанның белгілі өнер шеберлері - Нұрболат Арзамасұлы, Перизат Тұрар, Жанту Дадабаев және Ақерке Тәжібаева өнер көрсетті. Әрбір орындаушы өз репертуарында ұлттық болмысты, тарихи сабақтастық пен заманауи музыкалық өрнекті үйлестіре отырып, көрермендерге ерекше мәдени әсер сыйлады.
Аталған іс-шара - бұл тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын және мәдени әртүрлілігін халықаралық аудиторияға танытатын маңызды мәдени алаң болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 23:23 3686
"Сақ стилі" жаңа сериясынан номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы
Сурет: nationalbank.kz
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.
Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Ақша белгісінің дизайны мен пішіні туралы
Банкноттардың түсі - көк.
Бет жағында:
- көкте қалықтаған құспен "Бәйтеректің" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
- артефакт - Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
Банкноттың артқы жағында:
- ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
- негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- "Қалқан" - құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ - дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. - банкноттың ортасында қазақи "шексіздік" ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде "Мұзтау" тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Банкноттарды айырбастау және айналыста қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы
Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізіледі және айналыста жүрген 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік ұлттық валюта банкноттарымен (бұдан әрі - ескі үлгідегі банкнот) екі жыл бойы ауыстырылады.
Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот екі жыл ішінде айналыстан біртіндеп алынады. Тиісінше, осы кезеңде халықтың екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - ЕДБ) немесе ҚҰБ филиалдарына барып, ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттарға айырбастауы қажет емес.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.
Жаңа үлгідегі (2025 жылғы) және ескі үлгідегі (2017 жылғы) банкноттар айналыста қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды құнына қарай қабылдаунуы міндетті екенін атап өтеміз.
Жаңа банкноттар еліміздегі ҚҰБ-ның барлық филиалында, Қазпоштада, екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.
Заңды төлем құралына жататын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске саламыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 17:28 30061
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті
Достарға айту
Иранның "Ниаваран" тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан мәдени кеші өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири, ИИР Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Тегеранда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдар басшылары, мәдениет және зиялы қауым, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оңталап Оңалбаев екі елдің Батыс пен Шығысты жалғаған маңызды өркениеттік көпір ретіндегі рөліне тоқталып, Ұлы Жібек жолы дәуірінде Ұлы қазақ даласы мен Иранның ежелгі өркениеті арасында сауда, ғылым және әдебиет салаларында тұрақты қарым-қатынас орнағанын атап көрсетті.
Елші қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, халықаралық аренада беделі жоғары мемлекет екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде саяси, экономикалық және мәдени реформалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - Иран Ислам Республикасымен тату көршілік және достық қарым-қатынастарды дамыту екені аталып өтіп, Иран Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс өңіріндегі, сондай-ақ ислам әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екені көрсетілді.
Елші биыл 10-11 желтоқсан аралығында Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстан Республикасына жасаған алғашқы ресми сапарының жоғары деңгейде өткенін және сапар қорытындысы бойынша бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғанын хабарлады.
Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири екі ел арасындағы мәдениет және мәдени мұра салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Тегеран қаласында Қазақстанның мәдени кешін өткізу тарихи байланыстарды жаңа мазмұнда жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Министр ортақ өркениет пен мәдени мұра халықтарды жақындастыра түсетінін атап өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы құндылықтарды сақтау мен мәдениет пен өнер әлеуетін халықтар арасындағы өзара түсіністік пен байланысты нығайту мақсатында тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Ол екі елдің шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдіріп, аталған іс-шара мәдениет, мәдени мұра және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін беретініне сенім білдірді.
Мәдени кеште Маңғыстау облысының "Серпер" домбырашылар ансамблінің өнер көрсетіп, қазақтың халық күйлерін жоғары кәсіби деңгейде орындаған ансамбль көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара аясында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, Қазақстанның салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті мен табиғатына арналған көрме ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 14:29 4701
Бас прокуратура телефон алаяқтары мен олардан қорғанудың жаңа әдістері туралы ескертеді
Достарға айту
Осы жылы телефон алаяқтары 6,1 мыңнан астам азаматты алдаған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алаяқтардың әдістері қиындауда, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалады.
Жәбірленушінің телефонына "1414" қысқа нөмірінен SMS-код келеді.
Бірінші қоңырау - шабуылдаушыларды мемлекеттік органдардың, банктердің немесе курьерлік қызметтердің қызметкерлері ұсынады және алынған кодты жазуды сұрайды.
Осыдан кейін бірден екінші байланыс пайда болады - банктің, полицияның немесе ҰҚК-нің жалған қауіпсіздік қызметі.
Кейбір жағдайларда бәрі тіпті бейне байланыс арқылы болады.
Алдыңғы қоңырау алаяқтардан болған және белгіленген кодқа байланысты олар ақшаны есептен шығаруы немесе несие беруі мүмкін деп хабарланған.
Олар несие рәсімдеуді және қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды ұсынады.
Дәл осы кезеңде нақты жымқыру жасалады және жәбірленушінің атына алаяқтық несиелер алынады.
Бұған дейін "1414" қысқа нөмірінен SMS-кодты алу үшін жіберілген жәбірленушінің нөмірін енгізу жеткілікті болатын.
Енді "1414" SMS-шлюзін пайдаланатын жүйелерге тек биометриялық аутентификацияны (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе QR-кодты (eGov QR) қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап аталған талаптарды енгізбеген жүйелер "1414" SMS-шлюзінен ажыратылды.
Бұл шаралар азаматтарды алаяқтардан қорғауды арттыруға бағытталған.
Бас прокуратура ЕСКЕРТЕДІ:
- мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;
- ақша аудару үшін "қауіпсіз шоттар" жоқ;
- күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;
- кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.
Азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдердің құрбаны болмауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 11:20 30426
Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы өзара ынтымақтастықтың даму басымдықтары мен нәтижелері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Оман Сұлтанатындағы Елшілігінде "Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2025 жылғы қазақстан-оман ынтымақтастығының нәтижелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сараптамалық-талдамалық орталықтар мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман сарапшыларын Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сөз барысында еліміздің "Әділ, күшті және цифрлық Қазақстанды" құруға бағытталған стратегиялық бағыты аталып өтті, ағымдағы жылдың он айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері аталды, сондай-ақ елдің туристік әлеуеті және осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауының негізгі аспектілері жеделдетілген цифрлық трансформация, жасанды интеллект министрлігін құру, банктер туралы жаңа заң қабылдау, технологияларды енгізуге, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытуға баса назар аудара отырып, өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылатынын атап өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты - жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін прагматикалық тұрғыда арттыру.
Сонымен қатар, қазақ дипломаты 2025 жылғы Қазақстан - Оман екіжақты қарым-қатынастарының нәтижелерін қысқаша таныстырып, екі ел арасындағы саяси сұхбатың, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жанданғанын баяндады.
Елші сөзінің соңында жоғарыда аталған аспектілер мен Қазақстан - Оман ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі кеңінен талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 20:22 57401
Халықаралық валюта қорында "Қазақстан күні" мерекеленді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған "Қазақстан күні" атты ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ХВҚ мен Дүниежүзілік банк тобының өкілдері, сондай-ақ Вашингтон қаласында тұратын және еңбек ететін қазақстандық отандастар қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының серпінді қарқынына және оның жаһандық қаржы-экономикалық ынтымақтастық жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанына ерекше назар аударылды.
Құттықтау сөзбен Қазақстан кіретін мемлекеттер тобының атынан ХВҚ Атқарушы директоры Патрик Лошевски сөз сөйледі. Ол Қазақстанның Қор қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарын атап өтті.
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тұрғысындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық экономикалық архитектурадағы сенімді әрі жауапты әріптес ретіндегі рөлін ерекше көрсетті.
Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк өкілі, Атқарушы директордың орынбасары Мариуш Круковский сөз сөйлеп, экономикалық өсуді және өңірлік дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды кеңейту перспективаларына тоқталды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде дәстүрлі қазақ дастарханы, "Гүлдер" би ансамблінің өнер көрсетуі және домбырада классикалық күйлердің орындалуын қамтыған мәдени бағдарлама ұсынылып, қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 19:19 57636
Бейжіңде қазақстандық студенттер ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының (KSAC) белсенділерімен дәстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші студенттерді Мемлекет басшысының бастамашылығымен жүргізілудегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Қазақстан мен Қытай екіжақты қатынастарының ағымдағы жағдайы мен келешектеріне ерекше назар аударылды.
2026 жылы бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын, дипломатиялық мекемеде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттер қауымдастығының қызметін одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Ш.Нұрышев сапалы білім алудың, болу елінің заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қытай тілін білетін мамандардың сұранысын және оларды кәсіби іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің кең келешектерін ерекше атап өтті.
Елші Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының қызметіне оң баға беріп, оның шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, студенттерді қоғамдық және волонтерлік қызметке белсенді қатысуға шақырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша KSAC-тың ең белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 09:022026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі 29.12.2025, 10:57 17366Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда29.12.2025, 11:12 17076Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 12:02 14871Қазақстан мен Солтүстік Македония білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 13:22 12136Ереванда Қазақстан мен Армения арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
23.12.2025, 20:50 102576Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 21:59 82406Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті23.12.2025, 19:29 77056Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады25.12.2025, 16:25 61031Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда25.12.2025, 15:23 56166Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
17.12.2025, 17:47 231821Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227341Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225621Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222621Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213606Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

