04.03.2021, 18:05 15299

Қазақстанда 4 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 4 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 3 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 215 610 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 804 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 215 610. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 312 (+84); 
 
Алматы қаласында - 25 401 (+121); 
 
ШҚО-да - 22 177 (+34); 
 
Атырау облысында - 17 261 (+21); 
 
Павлодар облысында - 17 854 (+81); 
 
Қарағанды облысында - 15 560 (+54); 
 
Ақмола облысында - 13 853 (+51); 
 
БҚО-да - 13 190 (+72); 
 
СҚО-да - 12 449 (+39); 
 
Қостанай облысында - 12 558 (+61); 
 
Алматы облысында - 11 029 (+64); 
 
Шымкент қаласында - 6235 (+52); 
 
Жамбыл облысында - 5985 (+15); 
 
Түркістан облысында - 4306 (+12); 
 
Маңғыстау облысында - 4253 (+10); 
 
Ақтөбе облысында - 4308 (+23); 
 
Қызылорда облысында - 3879 (+10).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 874 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 199 600, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 19 053 адам (13 227 КВИ+ және 5 826 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 418 науқас стационарларда, ал 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 237 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 45 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 51 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 4 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 783 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 2 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 216 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 418, 635 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42 957 жетті. 
 
2021 жылғы 4 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны