08.03.2021, 16:26 16342

Қазақстанда 8 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 8 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 7 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 218 754 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 653 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 218 754. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 714 (+42); 
 
Алматы қаласында - 25 996 (+141); 
 
ШҚО-да - 22 315 (+21); 
 
Атырау облысында - 17 441 (+43); 
 
Павлодар облысында - 18 139 (+65); 
 
Қарағанды облысында - 15 749 (+38); 
 
Ақмола облысында - 14 102 (+68); 
 
БҚО-да - 13 426 (+34); 
 
СҚО-да - 12 582 (+36); 
 
Қостанай облысында - 12 775 (+50); 
 
Алматы облысында - 11 256 (+68); 
 
Шымкент қаласында - 6290 (+8); 
 
Жамбыл облысында - 6055 (+15); 
 
Түркістан облысында - 4328 (+3); 
 
Маңғыстау облысында - 4282 (+2); 
 
Ақтөбе облысында - 4401 (+13); 
 
Қызылорда облысында - 3903 (+6).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 202 230, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 18 838 адам (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 556 науқас стационарларда, ал 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 238 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 60 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 38 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 7 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 812 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 6 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 195 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 573, 644 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43 803 жетті. 
 
2021 жылғы 8 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары орналасқан. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны