09.03.2021, 18:13 7690

Қазақстанда 9 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 9 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 8 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 219 325 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 571 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 219 325. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 775 (+61); 
 
Алматы қаласында - 26 114 (+118); 
 
ШҚО-да - 22 333 (+18); 
 
Атырау облысында - 17 468 (+27); 
 
Павлодар облысында - 18 202 (+63); 
 
Қарағанды облысында - 15 784 (+35); 
 
Ақмола облысында - 14 174 (+72); 
 
БҚО-да - 13 465 (+39); 
 
СҚО-да - 12 606 (+24); 
 
Қостанай облысында - 12 825 (+50); 
 
Алматы облысында - 11 294 (+38); 
 
Шымкент қаласында - 6290 (+0); 
 
Жамбыл облысында - 6072 (+17); 
 
Түркістан облысында - 4331 (+3); 
 
Маңғыстау облысында - 4285 (+3); 
 
Ақтөбе облысында - 4404 (+3); 
 
Қызылорда облысында - 3903 (+0).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 464 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 202 694, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 18 758 адам (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 638 науқас стационарларда, ал 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 254 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 54 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 40 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 8 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 819 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 7 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 182 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 577, 646 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43 985 жетті. 

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.

2021 жылғы 9 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары орналасқан. 

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны