08.01.2022, 18:50 496

Қазақстанда ҰБТ тапсыру мерзімі ұзартылды

Қазақстанда ҰБТ тапсыру мерзімі ұзартылды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАҢТАР - Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыру және тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімдерінің кейінге шегерілгенін хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаңтарда өткізілетін ҰБТ өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін жүргізіледі. Бұның алдында өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында жоспарланған болатын", - деп жазды Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 
10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарланған ҰБТ өткізу уақыты да өзгертіліп, 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетін болады. Бүгінгі кезде 100 мыңға жуық үміткерлер өз құжаттарын тапсырды.
 
Министрлік магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру және қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзартуды шешті. Айта кетейін, екінші қабылдау науқаны кезінде мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанды.
 
Бұған дейін мектеп оқушыларына арналған демалыс 17 қаңтарға дейін, ал студенттер үшін 24 қаңтарға дейін ұзартылды деп хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны