22.12.2025, 19:17 571

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Сурет: depositphotos
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29-желтоқсаны мен 2026 жылдың 7-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар көзделген.

Балаларға бос уақытында:

  • кітап оқу;
  • музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
  • спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу;
  • қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу ұсынылады.

Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны