20.05.2023, 20:20 25416

Қазақстанның солтүстігінде шұңқыр судан 14 жастағы қыздың денесі табылды

Қазақстанның солтүстігінде шұңқыр судан 14 жастағы қыздың денесі табылды
Сурет: С?О ПБ
19 мамыр СҚО Жамбыл ауданының ПБ-ге Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны және оның қай жерде белгісіз екендігі туралы телефон арқылы хабарлама түсті, деп хабарлайды өңірлік полиция бөлімінен.

ПБ қызметкерлерімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, педагогтардан және жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.

20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан шұңқыр судан табылды.

Аталған факт ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны