11.04.2023, 09:47 18171

Бас прокуратурада жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі көптеген бұзушылықтар туралы айтылды

ЖТӘ тағайындау тәртібін сақтамауға, оларды жүргізудің тиісті негіздемелерінің болмауына, мерзімдерді бұзуға, сондай-ақ ЖТӘ-нің заңсыз өткізуге байланысты көптеген заң бұзушылықтар анықталды
Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - А.ж. 1 тоқсанында жасырын тергеу әрекеттерін тағайындау және жүргізу кезінде заңдылықтың жай-күйін тексерумен қылмыстық қудалау органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның ақпараты бойынша, өткен жылы тергеу судьяларының қарауына ЖТӘ өткізу туралы 34637 қаулы келіп түсті, оның ішінде 32393 қаулы санкцияланды, 2244 ЖТӘ өткізуден бас тартылды.

Соттың санкция беруден бас тартуының себептері тергеушінің тапсырмасын жасау кезінде тиісті талаптардың сақталмауы, дәлелді негіздеменің болмауы және оларды тағайындау мерзімдерінің бұзылуы болды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.


Ведомствода айтылғандай, мәселен прокурорлар ЖТӘ тағайындау тәртібін сақтамауға, оларды жүргізудің тиісті негіздемелерінің болмауына, мерзімдерді бұзуға, сондай-ақ ЖТӘ-нің заңсыз өткізуге байланысты көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген адамды бұл туралы қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныспай, сотқа дейінгі тергеу органы хабардар етуге тиіс.

Бұл ретте өздеріне қатысты ЖТӘ жүргізілген адам хабарланған сәттен бастап он бес тәулік ішінде тиісті ЖТӘ жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалды өтеу туралы өтінішпен мамандандырылған тергеу сотына жүгінуге құқылы.

Осыған қарамастан 227 жағдайда ҚПК-нің көрсетілген талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Бас прокуратура бұзушылықтар бойынша қылмыстық қудалау органдарының атына прокурорлық қадағалау актілерін енгізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны