20.05.2023, 19:59 18096

Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде
Сурет: ?Р Экоголия министрлігі
2023 жылдың 19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады, оның 95%-ы төлі, 5%-ы аналықтары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жануарлардың тұшалары 300 метр радиуста жатқан.

Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді.

Сынамалар алынғаннан кейін жануарлардың өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны