23.06.2022, 15:48 22446

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз туралы түсінік берді

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз туралы түсінік берді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан мұғалімдерінің алдындағы демалыс және сауықтыру төлемдері бойынша 30 млрд теңге қарыз мәселесіне қатысты жауап берді.
 
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударғанын, өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленгенін айтты. Сондай-ақ, бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақтылы аударылмағанын атап өтті.
 

Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақтылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі - қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр. Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз", - деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

 
Министрлік мәліметіне сай, мәселе министрліктің бақылауында тұр. Әкімдіктердің мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақтылы төлеуін бақылауды жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс депутаты Палата отырысы барысында қазақстандық мұғалімдер үшін демалыс және сауықтыру төлемдері бойынша мемлекеттің қарызы 30 млрд теңгені құрағанын хабарлады.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны