13.03.2023, 17:39 20386

Біздің азаматтарымыз себеп береді - СІМ қазақстандықтарға "шенген" беру кезінде қосымша консультациялар енгізуге қатысты түсініктеме берді

Біздің азаматтарымыз себеп береді - СІМ қазақстандықтарға "шенген" беру кезінде қосымша консультациялар енгізуге қатысты түсініктеме берді
Сурет: Depositphotos
Студенттер несие алып, төлемей, кетіп қалады

Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Брифинг барысында қазақстандықтарға шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді.
 

Біздің азаматтарымыз мүмкін шетелде себеп беріп жүр. Шенген елдеріне барған кейбір азаматтарымыз көлік жалдаған кезде айыппұл төлемей, осы елден кетіп қалады. Әрине, мұның бәрі қосылады. Басқа да құқық бұзушылықтары болады (...) Шет елге барған кезде оның ережелері мен заңдарын сақтау қажет. Студенттер несие алып, төлемей, кетіп қалады", - деді ол.

 
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстан бұдан былай шенген визасын беру кезінде азаматтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізімінде болады.
 
Айбек Смадияровтың айтуынша, мұндай консультациялар 7 күнге дейін созылуы мүмкін.
 

Сонымен қатар, визалық өтініштерді жалпы қараудың стандартты мерзімі бұрынғыдай - 15 күнге дейін сақталады, яғни іс жүзінде біз азаматтарымызға визаларды қарау тәртібінде қандай да бір өзгерістерді күтпейміз", - деп қосты ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны