09.07.2021, 23:59 13809

Бурабай мен Зерендіге кіре берісте санитарлық бекеттер орнатылады

Соңғы аптада қауіпті індет 2,5 есеге көбейіпті.
КӨКШЕТАУ. 9 ШІЛДЕ - Ақмола облысының курорттық аймақтарында санитарлық бекеттер орнатылады. Бұл туралы өңірдің Бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.
 
Алдағы демалыс күндері Бурабай мен Зерендіде тексеру-өткізу бекеттері пайда болады. Олардың қанша уақыт жұмыс істейтіні әлі белгісіз. Қазір тиісті құжат әзірленіп жатыр. Бекеттерден "Ашық" қосымшасында "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар ғана өте алады. Мұндай шараны мамандар инфекция өршіп бара жатқан соң қолға алған. Себебі соңғы аптада қауіпті індет 2,5 есеге көбейіпті. Оның үстіне демалыс күндері курортты аймақтарда ине шаншар жер болмады. Осының бәрі карантинді күшейтуге себеп болып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
 

Өсімнің ең жоғары деңгейі Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында байқалды. Ал өткен тәулікте 126 жағдай тіркелсе, олардың 100-ден астамы симптомды. Ауруханаға жату көрсеткіші де 35-тен 50 процентке көбейді. Қазір емдеу мекемелерінде 700-ден аса пациент жатыр", - деді Мусина.


Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Ақмола облысында КВИ ауруының 119 жаңа жағдайы анықталды.

Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны