Мерейлі отбасы" байқауы туралы жаңалықтардан, әкімдік сайтынан, сондай-ақ мектеп пен жұмыстан білдік. Біз - үлкен, тату отбасымыз, 8 баламыз бар. Балалардың бәрі қуана қатысты. Өзім "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегерімін. Отбасымызда көптеген мақтау қағазы, дипломдар, медальдар бар", - деді Айнаш Айтқожина.
Біз үнемі марафондарға қатысамыз: әкеміз 42 шақырым жүгірсе, мен 21 және 10 шақырым қашықтықты бағындырамын. Екеуміз де күміс медальдарға ие болды. Сол сияқты экстремальды атлетика сериясы аясындағы күзгі, қысқы және жазғы жарыстар қорытындысы бойынша "Солтүстіктің патшасы мен патшайымы" атағын иелендік", - деп бөлісті Айнаш Айтқожина.
Бұл - ұлттық байқау, осымен он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Астанада байқау аудандық кезеңнен басталып, кейін қалалық деңгейде өтті. Алдағы уақытта республикалық деңгейде жалғасады, бұл кезең шамамен жаздың соңында өтеді. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Биыл қаланың әр ауданынан 35-тен 50-ге дейін өтінім келіп түсті. Комиссия әр ауданнан төрт үлгілі, өнерлі отбасыны іріктеп, қалалық деңгейде түрлі номинациялар бойынша лауреаттарды анықтады", - деді байқау үйлестірушісі Елена Ленчук.
Байқау шарттарына сәйкес, отбасылар өтінімдерін 15 мамыр мен 15 маусым аралығында ұсынды. Құжаттармен бірге қатысушылар портфолио, видеопрезентациялар, алғыс хаттар, отбасыларының түрлі саладағы белсенділігі мен үлесін растайтын дипломдарды жолдады", - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жобаларының үйлестірушісі Шыңғыс Шопанұлы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

