06.01.2022, 21:20 486

"Отбасы банк", Kaspi және Halykbank қарыз алушыларына ТЖ режимі кезінде мерзімі өткен төлемдер үшін айыппұл салынбайды

"Отбасы банк", Kaspi және Halykbank салымшыларына 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығында мерзімі өткен төлемдер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАҢТАР - "Отбасы банк" төтенше жағдай кезінде төлемін кешіктірген салымшыларға айыппұл салмайтынын мәлім етті.
 
Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде айтылды.
 

"Отбасы банк" 5-19 қаңтар аралығында кешіктірілген төлемдер үшін айппұл қолданбайды. Бұл жөнінде қаржы институты мәлім етті. Ұйымның мәліметі бойынша, елімізде төтенше жағдай режимі жариялануымен байланысты осындай шешім қабылданған", - делінді.

 
Сонымен қатар, Kaspi және Halykbank 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығында мерзімі өткен төлемдер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейтінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатты. Кейбір банкоматтар да жұмыс істемейді. Олардың барлығы республикада 12 мыңнан астамы бар және бұл интернеттің болмауына байланысты. Сонымен қатар, банкоматтарды толтыру кезінде инкассаторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны