18.05.2023, 17:56 20936

Ресейден 50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды
Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасай отырып.

17 мамырда "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.

Оны тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны