21.02.2025, 10:07 138701
СҚО-да 88 елді мекен ауыз сусыз отыр
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысында 7,4 мың тұрғыны бар 88 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды Inform.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің биылғы алғашқы отырысында өңір елді мекендерін сумен қамту мәселесі көтерілді. Жол картасы бойынша биыл бұл мәселе толық шешілуі тиіс. Мәселен сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңғыртуға даму бюджеті аясында шамамен 11,7 млрд теңге бөлінген. Бұл ақшаға 37 ауылға су тартылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы комитетінің желісі бойынша 5 ауылға таза су келмек және 46 ауылға кешенді модульдер блогы орнатылады.
- Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 15,1 млрд теңге сомасында қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Елді мекендер ішіне сумен жабдықтау желілерін тарту топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауыл шекараларына дейін жеткізу жөніндегі жоспарлармен сәйкестендірілуі тиіс. Облыстық бюджетті кезекті нақтылауда бірінші кезектегі шығыстар бойынша бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту керек, атап айтқанда, облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қаражат бөлу ұсынылады, өйткені бұл маңызды әлеуметтік бағыт. Осыған байланысты, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2 160 млн теңгеге ұлғайтуды ұсынамыз, - дейді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.
Жоба бойынша Айыртау ауданына ғана сумен жабдықтау үшін 598,1 млн теңге керек. Бұл ауданда 11 елді мекен таза сусыз отыр. Тайынша ауданына 765,7 млн, Шал ақын ауданына 710,9 млн, Есіл ауданына 67,1 млн және Мамлют ауданына 18,2 млн теңге керек.
Бұған дейін СҚО-да былтыр суда қалып, шіри бастаған 1130 га ағаш жиналғандығын жазған едік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.12.2025, 17:28 1276
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті
Достарға айту
Иранның "Ниаваран" тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан мәдени кеші өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири, ИИР Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Тегеранда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдар басшылары, мәдениет және зиялы қауым, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оңталап Оңалбаев екі елдің Батыс пен Шығысты жалғаған маңызды өркениеттік көпір ретіндегі рөліне тоқталып, Ұлы Жібек жолы дәуірінде Ұлы қазақ даласы мен Иранның ежелгі өркениеті арасында сауда, ғылым және әдебиет салаларында тұрақты қарым-қатынас орнағанын атап көрсетті.
Елші қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, халықаралық аренада беделі жоғары мемлекет екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде саяси, экономикалық және мәдени реформалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - Иран Ислам Республикасымен тату көршілік және достық қарым-қатынастарды дамыту екені аталып өтіп, Иран Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс өңіріндегі, сондай-ақ ислам әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екені көрсетілді.
Елші биыл 10-11 желтоқсан аралығында Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстан Республикасына жасаған алғашқы ресми сапарының жоғары деңгейде өткенін және сапар қорытындысы бойынша бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғанын хабарлады.
Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири екі ел арасындағы мәдениет және мәдени мұра салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Тегеран қаласында Қазақстанның мәдени кешін өткізу тарихи байланыстарды жаңа мазмұнда жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Министр ортақ өркениет пен мәдени мұра халықтарды жақындастыра түсетінін атап өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы құндылықтарды сақтау мен мәдениет пен өнер әлеуетін халықтар арасындағы өзара түсіністік пен байланысты нығайту мақсатында тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Ол екі елдің шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдіріп, аталған іс-шара мәдениет, мәдени мұра және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін беретініне сенім білдірді.
Мәдени кеште Маңғыстау облысының "Серпер" домбырашылар ансамблінің өнер көрсетіп, қазақтың халық күйлерін жоғары кәсіби деңгейде орындаған ансамбль көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара аясында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, Қазақстанның салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті мен табиғатына арналған көрме ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 11:20 1641
Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы өзара ынтымақтастықтың даму басымдықтары мен нәтижелері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Оман Сұлтанатындағы Елшілігінде "Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2025 жылғы қазақстан-оман ынтымақтастығының нәтижелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сараптамалық-талдамалық орталықтар мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман сарапшыларын Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сөз барысында еліміздің "Әділ, күшті және цифрлық Қазақстанды" құруға бағытталған стратегиялық бағыты аталып өтті, ағымдағы жылдың он айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері аталды, сондай-ақ елдің туристік әлеуеті және осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауының негізгі аспектілері жеделдетілген цифрлық трансформация, жасанды интеллект министрлігін құру, банктер туралы жаңа заң қабылдау, технологияларды енгізуге, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытуға баса назар аудара отырып, өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылатынын атап өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты - жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін прагматикалық тұрғыда арттыру.
Сонымен қатар, қазақ дипломаты 2025 жылғы Қазақстан - Оман екіжақты қарым-қатынастарының нәтижелерін қысқаша таныстырып, екі ел арасындағы саяси сұхбатың, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жанданғанын баяндады.
Елші сөзінің соңында жоғарыда аталған аспектілер мен Қазақстан - Оман ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі кеңінен талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 20:22 28616
Халықаралық валюта қорында "Қазақстан күні" мерекеленді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған "Қазақстан күні" атты ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ХВҚ мен Дүниежүзілік банк тобының өкілдері, сондай-ақ Вашингтон қаласында тұратын және еңбек ететін қазақстандық отандастар қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының серпінді қарқынына және оның жаһандық қаржы-экономикалық ынтымақтастық жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанына ерекше назар аударылды.
Құттықтау сөзбен Қазақстан кіретін мемлекеттер тобының атынан ХВҚ Атқарушы директоры Патрик Лошевски сөз сөйледі. Ол Қазақстанның Қор қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарын атап өтті.
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тұрғысындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық экономикалық архитектурадағы сенімді әрі жауапты әріптес ретіндегі рөлін ерекше көрсетті.
Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк өкілі, Атқарушы директордың орынбасары Мариуш Круковский сөз сөйлеп, экономикалық өсуді және өңірлік дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды кеңейту перспективаларына тоқталды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде дәстүрлі қазақ дастарханы, "Гүлдер" би ансамблінің өнер көрсетуі және домбырада классикалық күйлердің орындалуын қамтыған мәдени бағдарлама ұсынылып, қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 19:19 28851
Бейжіңде қазақстандық студенттер ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының (KSAC) белсенділерімен дәстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші студенттерді Мемлекет басшысының бастамашылығымен жүргізілудегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Қазақстан мен Қытай екіжақты қатынастарының ағымдағы жағдайы мен келешектеріне ерекше назар аударылды.
2026 жылы бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын, дипломатиялық мекемеде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттер қауымдастығының қызметін одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Ш.Нұрышев сапалы білім алудың, болу елінің заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қытай тілін білетін мамандардың сұранысын және оларды кәсіби іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің кең келешектерін ерекше атап өтті.
Елші Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының қызметіне оң баға беріп, оның шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, студенттерді қоғамдық және волонтерлік қызметке белсенді қатысуға шақырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша KSAC-тың ең белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 19:17 24561
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Сурет: depositphotos
Достарға айту
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29-желтоқсаны мен 2026 жылдың 7-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар көзделген.
Балаларға бос уақытында:
- кітап оқу;
- музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
- спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу;
- қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу ұсынылады.
Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 18:58 64401
Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді
Сурет: Huawei
Достарға айту
Huawei компаниясы Huawei Annual Awarding Ceremony атты жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізіп, Қазақстанның 48 университетінің өкілдерін бір алаңға жинады. Аталған жоғары оқу орындарының базасында Huawei ICT академиялары табысты жұмыс істеп келеді. Іс-шара жыл қорытындысын шығару, үздік академияларды, оқытушылар мен студенттерді марапаттау, сондай-ақ елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беруді одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова, "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Арман Айтуғанұлы Ашкин, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары болды.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде Динара Щеглова Huawei компаниясына студенттер арасында жасанды интеллектті дамытуға бағытталған AI-SANA ұлттық білім беру бастамасын іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады. Осы бастама аясында Huawei жасанды интеллект бойынша үш курсты бейімдеп, оларды қазақ тіліне аударды және Huawei Talent Online платформасында оқуға тегін қолжетімділік ұсынды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 45 университетінен 200 521-ден астам студент AI-SANA бағдарламасы аясында жасанды интеллект бойынша сертификаттаудан сәтті өтіп, бұл бастаманы өңірдегі цифрлық білім беру саласындағы ең ауқымды жобалардың біріне айналдырды.
Іс-шара барысында Huawei өкілдері білім беру процесін цифрландыруға арналған смарт-шешімдерді таныстырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында жұмыс істейтін ICT Academy қызметі туралы өткен жылға арналған есепті ұсынды. Есепте белсенді курстардың, студенттердің және халықаралық сертификаттардың саны бойынша динамика қамтылды.
Кештің негізгі оқиғаларының бірі - Huawei ICT Competition 2025-2026 ұлттық финалына қатысушыларды марапаттау болды. Студенттер Network, Cloud және Computing тректері бойынша жарысып, заманауи технологиялармен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Network бағыты бойынша жеңімпаз атанғандар: Мадияр Мерейев (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Ансар Асылбек (ҚБТУ) және Жақсылық Абдумиталипов (ҚБТУ). Cloud бағыты бойынша Ziani Louay (ҚБТУ), Мереке Нұрай (ҚБТУ) және Арайлым Амангелдіқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) үздік шықты. Computing бағыты бойынша Семсер Бердібек (АТУ), Даниял Сайлаубек (АТУ) және Бақдәулет Кемал (АИУ) жеңіске жетіп, қазақстандық студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін растады.
Сонымен қатар "Instructor of the Year" номинациясы бойынша 14 оқытушы студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі, Huawei курстарын оқу процесіне интеграциялау және өз университеттерінде АКТ бағыттарын белсенді ілгерілеткені үшін ерекше атап өтілді.
Негізгі көрсеткіштердің қорытындысы бойынша жыл бойы бағдарламаның жоспарын толық орындап, айрықша нәтижелер көрсеткен бес ICT Academy анықталып, марапатталды. Бағалау үш негізгі критерийге негізделді: AI курстарын білім беру силлабустарына (міндетті және элективті пәндер ретінде) табысты енгізу, AI-SANA бағдарламасы аясында ең көп белсенді сыныптар мен студенттердің болуы, сондай-ақ Huawei ICT Competition 2025-2026 байқауына белсенді әрі нәтижелі қатысу.
Үздіктер қатарына ҚБТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ALT University, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті енді. Оқытушылар мен академияларға марапаттарды "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Арман Ашкин және Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директордың орынбасары Сюй Хай табыстады.
Білім беруді қолдау және АКТ саласындағы таланттарды дамыту - Huawei компаниясының Қазақстандағы негізгі басымдықтарының бірі. Біз студенттер мен оқытушыларға салынған инвестицияны ел экономикасының тұрақты дамуы мен цифрлық трансформациясына ұзақ мерзімді үлес деп санаймыз. Huawei ICT Academy, AI-SANA және Huawei ICT Competition секілді бастамалар арқылы біз университеттермен бірлесе отырып, жастардың озық білім мен технологияларға қол жеткізуіне, ал оқытушылардың білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналған құралдарға ие болуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырып келеміз. Annual Awarding Ceremony - серіктестерімізге сенімі үшін алғыс айтып, Қазақстандағы АКТ-білім беруді күшейтіп, оны заманауи әрі бәсекеге қабілетті етіп отырған жандарды атап өтудің бірегей мүмкіндігі", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директордың орынбасары Сюй Хай.
Huawei ICT Academy - Huawei компаниясының әлем бойынша университеттер мен колледждермен серіктестікте жүзеге асырылатын жаһандық білім беру бастамасы. Бағдарлама аясында білім беру ұйымдары Huawei әзірлеген авторлық курстарға қол жеткізеді, ал студенттер желілік технологиялар, бұлтты сервистер, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және басқа да бағыттарды қамтитын 23 АКТ бағыты бойынша практикалық оқудан өтіп, халықаралық сертификаттауға ие бола алады.
Huawei ICT Academy бағдарламасы бірнеше жылдан бері қазақстандық университеттерде классикалық академиялық курстар мен цифрлық экономиканың нақты сұраныстары арасындағы алшақтықты қысқартуға көмектесетін платформа ретінде жұмыс істеп, елдің технологиялық дамуына қажетті кадрлық резервті қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2025, 18:52 88646
Бакуда Қазақстан мәдениетінің онкүндігі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен Әзербайжан астанасында қазақ мәдениетінің онкүндігі өтті. Еліміздің кино, театр және креативті жобалар саласындағы жетістіктері таныстырылды. Баку тұрғындарына толықметражды фильмдер, музыкалық драма және халықаралық деңгейде танылған ойын әзірлемелері ұсынылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шаралардың бір бөлігі Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) мәдениет пен креативті индустриялар саласындағы негізгі оқиғаларының бірі саналатын ауқымды халықаралық "Baku Creative Week - 2025" фестивалі аясында өтті.
Қазақстан киносы күндері шеңберінде "Мереке", "Операция "Набат"", "Жабайы" және "Менің атым Қожа" атты фильмдер көрсетілді. Көрсетілімдерден кейін көрермендер қазақстандық делегация өкілдерімен, олардың ішінде актер Бақыт Қажыбаев пен сценарист Тамерлан Алмановпен фильмдердің көркемдік және мәдени қырларын талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Әзербайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрында Астана қаласы әкімдігінің Жас көрермендерге арналған музыкалық театрының орындауында "Әміре" музыкалық драмасы сахналанды. Қойылым көрнекті қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың Париждегі "ЭКСПО" дүниежүзілік көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына арналды.
G-HUB саммиті аясында өткен Turkic Game Jam 2025 финалында Almaty Creative Hub-та ұйымдастырылған Алматы хакатонының жеңімпаз жобалары таныстырылды. Murakami Kult және Teqesh командалары өздерінің ойын әзірлемелерін 50-ден астам мемлекеттен келген халықаралық қазылар алқасы мен сарапшыларға ұсынып, Алматы ойын индустриясының жоғары деңгейде дамығанын дәлелдеді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Women’s Creativity Forum тудырды. Форумда қазақстандық әйел кәсіпкерлер мен дизайнерлер цифрландыру, инновацияларды енгізу, жастарды қолдау және мәдени кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Azerbaijan Fashion Week аясында сән көрсетілімі өтті. Іс-шараға Қазақстан атынан дизайнерлер Әлия Жұман мен Тимур Тұрсынқұлов қатысып, олардың топтамалары бағдарламада айрықша орын алды.
Онкүндік қорытындысы ретінде Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы Баку тұрғындарына "Менің досым" атты пьесаны ұсынды. Қойылым үй жануары мен оның иесі арасындағы байланысты суреттейтін трагикомедия жанрында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 17:47 214121
Ташкентте қазақ киносының күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақ киносының күндері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
Өзбек көрерменіне қазақ кинематографиясының бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін бейнелейтін "Әміре", "Дос-Мұқасан" және "Паралимпиец" көркем фильмдері ұсынылды.
Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов екі бауырлас халық арасындағы мәдени байланыстарды жүйелі түрде дамыту маңызды екенін атап өтіп, өнер қайраткерлерінің елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан елеулі үлесіне ерекше назар аударды.
Ташкент қаласында Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 21:24Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 22.12.2025, 18:58 64281Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 18:40 64066Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі23.12.2025, 20:50 54476Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 19:29 54016Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
15.12.2025, 23:30 225171Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222161Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті17.12.2025, 17:47 214001Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 213476Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 22:01 213151Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

