04.11.2022, 18:30 33596
Алматыда халықаралық әуежайдың VIP-терминалын бұзу жұмыстары басталды
Достарға айту
Алматы. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы VIP-терминалы бар ескі әуежайды сүру жұмыстары басталды.
Әуежайдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, нысанды бұзып, басқа жаққа көшіру жұмыстарына рұқсат беретін бүкіл құжат бар.
Нысанды бұзып, басқа жаққа көшіру жұмыстары қоғамдық талқылаудан кейін басталды. Оған рұқсат беретін барлық құжаттар бар. VIP терминалдың жаңа ғимараты Ахметов көшесінің оңтүстік-шығысында 420 метр жерде болады, витраж, бельведер элементтері секілді негізгі мәдени элементтер сол жерге көшіріледі. Бір бөлшек бойынша витраждар мен терезе жақтаулары алынып тасталды, элементтердің көшірмесін алу үшін қасбеттің негізгі элементтері бояудың көптеген қабаттарынан қолмен тазартылды. Ғимараттың цифрлық егізі жасалды",- деп хабарлады әуежайдан.
Жаңа терминал 2024 жылдың бірінші тоқсанында салынып бітуі керек еді.
Бірақ, VIP терминалдың мәдени мұрасын бағалау бойынша халықаралық сараптама мен қоғаммен кеңесу жұмыстары жүргізілгендіктен, құрылысты бітіру жұмысы 2024 жылдың жазына ауыстырылды.
Сондай-ақ Алматы әуежайының баспасөз қызметі қараша айының ортасында қатысатын баспасөз мәслихатында Алматы халықаралық әуежайының басшылығы қалған барлық сұрақтарға жауап беретінін мәлімдеді.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.02.2026, 11:55 2101
Түркістан әуежайы қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
Тергеп-тексеру барысында "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.
Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 12:31 103126
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Сурет: railways.kz
Достарға айту
Ұлттық тасымалдаушы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Магистральдық желі дирекциясы" филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды railways.kz.
Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады.
Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді.
Қызметті рәсімдеу үшін:
1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
2. Сатып алу барысында "Мүгедек" опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсету;
3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.
Қолжетімді көмек түрлері:
- пойыз жөнелтілер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыз жөнелтілер алдында арнайы арба ұсыну;
- пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.
Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дер кезінде дайындалып, жолаушыға сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдікті шарттар қарастырылған:
- әлеуметтік маңызы бар бағыттарда - 50% жеңілдік;
- коммерциялық "Тальго" пойыздарында арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға - 50% жеңілдік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 18:08 97856
Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты сүрілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Шақшақ-Жәнібек көшесі, 3 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатының сүрілгенін айтты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тұрғын үйді қайта жаңғыртып, жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын үшінші қабатты салғаны анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама берілді.
Меншік иесі нұсқама талаптарын орындамағандықтан, басқарма Медеу аудандық сотына үшінші қабатты бұзу туралы талап арыз берді.
2025 жылы 22 тамызда сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.
Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бұза бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 20:11 138466
Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ
Достарға айту
Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.
Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады.
Медициналық ұйымдар инфекцияны әкелу мүмкін болған жағдайда дайындыққа келтірілді. Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды.
Инфекцияның таралуының профилактикасы мақсатында эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және қайтып келгеннен кейін аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге болу елі туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Анықтама:
Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін.
Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және пневмонияның дамуымен бірге жүруі мүмкін.
Бүгінгі күні Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 21:15 241611
Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.
2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.
Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 11:17 250606
Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
18 қаңтар кешінде тіркелген 2026 жылғы алғашқы қуатты күн жарқылы X1,9 деңгейіне жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
18 қаңтарда Мәскеу уақытымен сағат 21:09-да рентген диапазонындағы 4341 күн дақ тобында (S14E22) 59 минутқа созылған X1.9 жарқылы тіркелді", - делінген Ресейдің Е.К.Федоров атындағы қолданбалы геофизика институтының хабарламасында.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, https://tass.ru/nauka/26180397 X класындағы соңғы жарқыл 8 желтоқсанда тіркелген.
Күн жарқылдары рентген сәулеленуінің қарқындылығына байланысты бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгі клас, A0.0, Жер орбитасындағы шаршы метрге 10 нановатт рентген сәулелену қарқындылығына сәйкес келеді.
Келесі әріпке өткен кезде қарқындылық он есе артады. Жарылыстар күн плазмасының шығарындыларымен қатар жүруі, олардың бұлттары Жерге жеткенде магниттік дауылдарды тудыруы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 10:34 248551
2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге қандай режимдер қарастырылғанын және қандай жағдайда 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жаңа Салық кодексінде келесі үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; оңайлатылған декларация негізіндегі режим; шаруа және фермер қожалықтары үшін.
Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны қысқартылды, яғни олар үшке дейін оңтайландырылды. Бұған дейін олардың саны жеті болған. Қазіргі таңда үш арнаулы салық режимі қалды. Біріншісі - оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Екіншісі - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі. Үшіншісі - шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі", - деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.
Кәсіпкерлер нені білуі тиіс:
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Хабарламаны:
- Салық төлеушінің кабинеті (АЖ СӘИЖ жүйесінде "Құжаттарды тапсыру" - "Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама" бөлімі).
- "E-Salyq Business" арнайы мобильді қосымшасы арқылы ("Қызмет" - "ЖК салық салу режимін өзгерту" бөлімі).
- Қағаз нұсқада орналасқан жері бойынша МКБ арқылы;
- Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта бұл сервис Kaspi Bank қосымшасында "Мемлекеттік қызметтер" - "ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту" бөлімінде іске асырылған) беруге болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміне көшу
2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымшасы арқылы АСР қолданған салық төлеушілерді ЖК ретінде есептен автоматты түрде шығарады.
Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады, бұл ретте салық төлеушінің есептен шығу туралы өтінішті өз бетінше беру құқығы сақталады.
Егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсырып, өзге режимді таңдаған жағдайда, есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдана басталған күні ретінде "E-Salyq Business" мобильді қосымшасында алғашқы чек қалыптастырылған күннен танылады.
Шаруа және фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін арнаулы салық режиміне көшу
Аталған режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 15:15 251266
Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары
Достарға айту
Қазақстанда өнеркәсіптік және өндірістік объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарын (СҚА) реттеудің жаңа қағидалары қолданысқа енгізіледі. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 9 қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
СҚА - бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын аймақтар арасындағы, адамдарды шу, иіс және өзге де зиянды әсерлерден қорғау үшін қажет арақашықтық.
Негізгі өзгеріс - СҚА-ны белгілеу тәртібінің жеңілдетілуі. Енді мұндай аймақтар бұрынғыдай екі кезеңде емес, бір кезеңде айқындалатын болады. Жаңа кәсіпорындар үшін СҚА шекаралары жобаны сараптау кезеңінде белгіленеді. Ал қолданыстағы объектілер үшін аймақ шекараларын өзгерту (ұлғайту немесе қысқарту) мәселелері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан қаралатын болады.
СҚА туралы барлық деректер, оның ішінде нақты шекаралары, жергілікті атқарушы органдарға беріліп, ашық кадастрлық картада көрсетіледі. Бұл тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды және өзге де әлеуметтік нысандарды салу кезінде мұндай аймақтарды алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.
Жаңа қағидалар қала құрылысы жоспарлауын неғұрлым ашық етуге және тұрғын үйлердің өнеркәсіптік объектілерге жақын орналастырылу тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.
Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.02.2026, 17:47Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды 26.02.2026, 18:49 97481Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 97121Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 20:53 96901Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі26.02.2026, 21:55 96681Эдинбург герцогы, ханзада Эдвард Орталық Азия елдерінің cыртқы істер министрлерін Лондонда ресми кездесуге шақырды
09.02.2026, 22:39 224566Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 210971Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210846Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210811Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210736Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

