26.12.2025, 16:43 906

Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті

Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Сурет: gov.kz
Түркия астанасында қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған "QAZAQ CONCERT" атты концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен, сондай-ақ "QAZAQ CONCERT" шығармашылық ұжымы қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Концерттің басты мақсаты - Қазақстанның бай музыкалық мұрасын Түркия жұртшылығына таныстыру, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және қазақ ұлттық өнерін халықаралық деңгейде дәріптеу. Шара аясында дәстүрлі халық әндері, күй өнері және этно-заманауи музыкалық шығармалар көрермен назарына ұсынылды.

Кеш барысында Қазақстанның белгілі өнер шеберлері - Нұрболат Арзамасұлы, Перизат Тұрар, Жанту Дадабаев және Ақерке Тәжібаева өнер көрсетті. Әрбір орындаушы өз репертуарында ұлттық болмысты, тарихи сабақтастық пен заманауи музыкалық өрнекті үйлестіре отырып, көрермендерге ерекше мәдени әсер сыйлады.

Аталған іс-шара - бұл тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын және мәдени әртүрлілігін халықаралық аудиторияға танытатын маңызды мәдени алаң болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны