24.05.2023, 16:18 24061

Жақында Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстары басталады - Ахметов

Жөндеу жұмыстарына шамамен 3 млрд теңге жұмсалады деп жоспарлануда
Жақында Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстары басталады - Ахметов
Сурет: Instagram/akimatridder
Алдағы уақытта Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары басталады,- деп жазды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram парақшасында.

Құрметті жерлестер!!!

Кеше жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткіздім. Біз жақын арада Риддер жылу электр орталығын жөндеуді бастаймыз, бұл кешенді тәсіл - барлық алты қазандық агрегаттарын (үш жоғары қысым және үш орта) және жылу орталықтарын күрделі жөндеу болады. Бүгін кешке аталмыш компаниялар тікелей Риддер ЖЭО-на жасаған жедел талдау нәтижелерін ұсынады. Әрі қарайғы әрекеттер алгоритмі қазірдің өзінде түсінікті болады",- деп жазды ол.

Бұл үшін қаржылық мүмкіндіктер бар, жабдықтың бір бөлігі сатып алынды. Жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асатынын, тиісті талап арыздар берілгенін атап өтемін. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек", - деп көрсетілген хабарламада.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны