24.07.2021, 20:45 15287

Қазақстандықтар 2021 жылғы Олимпиадада: бірінші күннің қорытындысы

ТОКИО. 24 ШІЛДЕ - 2021 жылғы Токио Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстанға қола медаль әкелді, оны дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Шыны керек, мен қола емес, алтын аламын деп келдім. Рио Олимпиадасынан кейін татамиден алыстап кетпей, үлкен спортта қалуымның да бір себебі осы еді. Күмістен кейін алтын алғым келді. Еліміздің әнұранын шарықтатып, көк байрағымызды биіктен көруді армандадым. Сол үшін тынбай еңбек еттім де. Бірақ маған бұйырып тұрғаны қола жүлде екен", - деді Сметов. 

 
Жартылай финалда Сметов жапондық Наохисе Такатодан жеңіліп қалды. 
 
Дзюдодан әйелдер турнирінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг қытайлық Ли Яньаньға жол берді.
 
Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңіске жетті. Ол Австралиядан келген қарсыласы Саманта Стосурды 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Рыбакинаның келесі қарсыласы - Швеция өкілі Ребекка Петерсон. Кездесу дүйсенбіде өтеді.
 
Зарина Диястың жолы болмады. Ол чехиялық теннисшіден 5:2 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.
 
Александр Бублик Олимпиада турнирінің бірінші айналымында ресейлік Даниил Медведевтен де ұтылды. Алайда Александр әлі жұптық сында екінші матчты күтіп тұр. Александр Голубевпен болатын дуэтте қазақстандықтар Франциядан келген Жереми Шарди/Гаэль Монфис дуэтіне қарсы шығады.
 
Спорттық гимнастикада қазақстандық Милад Карими турнирдің үш финалына шыға алды. Карими белтемірдегі жаттығуларда жетістікке жетіп, екінші нәтижемен финалға, сегізінші нәтижемен еркін жаттығуларға және 20-шы орында орналасқан көпсайыс финалына шықты.
 
Бокста сенімді жеңісті Серік Теміржанов жеңіп алды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол қарсыласы - венгр Роланд Галошты 5:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
 
Қазақстандық велошабандоздар арасында үздік нәтижені қорытынды хаттамада 21-ші орында тұрған Алексей Луценко көрсетті.
 
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин жарыстың жартылай финалына шыға алмады. Бесінші жүзуде 100 метр қашықтықта өнер көрсетіп, Дмитрий алтыншы нәтиже көрсетті - 59,75. Қорытынды хаттамада Баландин 17-ші орында.
 
Бүгін Олимпиада ойындарында 7 спорт түрінен 13 қазақстандық спортшы өнер көрсетті. 11 медаль жиынтығы ойнатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны