28.01.2022, 16:46 17546

Қазақстан құрамасы Бейжіңге қысқы Олимпиада ойындарына аттанды

АЛМАТЫ. 28 ҚАҢТАР - 27 қаңтар күні қазақстандық делегация Нұр-Сұлтан-Алматы-Бейжің бағыты бойынша Олимпиада ойындарына ұшып кетті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Барлық спортшылар мен бапкерлер ұшар алдындағы соңғы аптаны карантинде өткізді. Нақтылап айтар болсақ, олар үшінші тараппен байланыспай, көпшіліктен бөлек тұрып, бөлек жаттығу жасады. Қытайға делегацияны арнайы "Air Astana" әуе рейсі барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жеткізеді. Бұл рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен", - деп хабарлады ҰОК.

 
Ал қорытынды жиынды шетелде өткізіп жатқан биатлон, шаңғы жарысы және шаңғы акробатикасынан ұлттық құрамалар Қытайға өз бағыты бойынша келеді.
 

Бүгін біз Олимпиада ойындарына ұшып барамыщ. Бұл бәріміз үшін толқитын сәт. Біз жақсылықтан үміттіміз және мұндай жауапты жарысты бар күшімізді саламыз. Осындай қиын кезеңде барлық жағдайды жасап, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен үкіметке, Ұлттық Олимпиадалық комитетке алғыс айтамын. Біз қандай кезең болса да, жаттығуды үзген емеспіз", - дейді Қазақстан командасының ту ұстаушысы, шорт-тректен құрама көшбасшысы Абзал Әжіғалиев. 

 
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпан күні Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді. 
 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны