24.01.2023, 10:02 33671
Елена Рыбакина Australian Open-2023 жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Елена финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады
Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалында өнер көрсетіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің 2017 жылғы чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді.
Бұл жолы Рыбакина Род Лейвер атындағы орталық аренада өткен матчты брейкпен бастады - 2:0. Тағы бір брейк - 4:1. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:2.
Екінші партияда есесіне Остапенко брейкпен алға кетті - 2:0. Дегенмен қазақстандық теннисші сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 4:2. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді - 6:4.
Осылайша, бұған дейін Уимблдон чемпионы атанған Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Елена финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады.
Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы қысқы Универсиаданың медальдық есебінде 11-ші орынға ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.06.2023, 15:38 4106
Таразда Қазақстанның VI Жазғы спартакиадасы салтанатты түрде ашылды
Дүбірлі дода әр төрт жылда бір рет өтеді
Достарға айту
Таразда Қазақстанның алтыншы Жазғы спартакиадасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды 24 Хабар.
Дүбірлі дода әр төрт жылда бір рет өтеді. Бұл жолғы бәсекеге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың спортшылары жиналды. Салтанатты шара театрландырылған қойылымнан басталды. Спартакиада алауы жағылып, еліміздің әр аймағынан келген командалар таныстырылды. Олар спорттың 27 түрінен сынға түседі. Ашылу рәсімінде спорт министрі саңлақтарға сәттілік тілеп, шараның маңызын атап өтті.
Спартакиаданың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының жазғы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларына ең мықты спортшыларды жасақтау және халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына лицензиялық жарыстарға қатысуға үміткерлерді анықтау", - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жамбылдық қос спортшы алтын мен күміс жүлде еншілеген. Шарада былғары қолғап шеберлерінің бапкерлеріне Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасы табысталды.
Спартакиаданың ашылу салтанатының киелі Жамбыл жерінде өтуі біз үшін зор мақтаныш, мерейлі мәртебе. Тараз топырағы - талай талантты спортшылардың томағасын сыпырып, түлеткен қасиеттi мекен. Бұл тұрғыдан біз олимпиада жұлдыздарымен мақтана аламыз, олардың жеңісті жолы жас ұрпаққа үлгі", дем мәлім етті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.
Бұл спартакиада 10 жыл бұрын тоқтап қалған. Қазір қайтадан жаңартылып жатыр. Бұл өте жақсы. Жас спортшыларға былай айтқанда спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік, үлкен мотивация", дейді бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов.
Спорт мерекесінің ашылу рәсімін 12 мың адам тамашалады. Шара өнер иелерінің концерттік бағдарламасына, мерекелік отшашуға ұласты. Маңызды бәсекенің волейбол, дзюдо және су добы жарыстары Таразда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.05.2023, 09:52 5271
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" екінші кезеңіне өтті
Ол Чехия өкілін 6:4, 6:2 есебімен ұтты
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте чехиялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Елена көпке ұзатпады. Содан кейін тағы бір брейкпен сетті тәмамдады - 6:4.
Бренда Фрухвиртова екінші партияда да брейк жасағанымен Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестіріп, өз геймін де алды - 3:2. Ақыры матчты кезекті брейкпен түйіндеді - 6:2
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Елена Рыбакина екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы, әлемнің 50-ракеткасы, 18 жастағы Линда Носковамен шеберлік байқасады.
Ал Александр Бублик 3 сағат 20 минутқа созылған тартысты ойында рейтингте 129 орында тұрған италияндық Джулио Зеппиериге - 0:6, 6:4, 6:4, 3:6, 5:7 есебімен ұтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.05.2023, 11:01 8676
Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-приде алғаш рет жеңіске жетті
Барлық үш партияда қазақстандық шахматшы қара фигуралармен жеңіске жетті
Достарға айту
Никосия қаласында (Кипр) ФИДЕ әйелдер Гран-приі қорытынды кезеңінің 7-ші тур партиясы аяқталды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасынан.
Барлық үш партияда қазақстандық шахматшы қара фигуралармен жеңіске жетті. 19 жастағы Бибісара Асаубаева бұрынғы ресейлік, қазір Швейцарияның атынан өнер көрсететін Александра Костенюкты жеңді. Бұл Асаубаеваның Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі, бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.
7-ші тур нәтижесі:
Александра Костенюк - Бибісара Асаубаева - 0:1.
Оливия Кёлбаса - Нана Дзагнидзе - 0:1.
Екатерина Лагно - Динара Вагнер - 0:1.
Полина Шувалова - Харика Дронавалли - 0,5:0,5.
Гюнай Мамедзаде - Александра Горячкина - 0,5:0,5.
Тань Чжунъи - Бела Хотенашвили - 0,5:0,5.
Жеті турдан кейінгі орындар:
1. Динара Вагнер - 5 ұпай.
2-3. Тань Чжунъи, Харика Дронавалли - 4,5.
4-6. Екатерина Лагно, Александра Горячкина, Полина Шувалова - 4.
7. Нана Дзагнидзе - 3,5.
8-11. Александра Костенюк, Бела Хотенашвили, Бибісара Асаубаева, Гюнай Мамедзаде - 3.
12. Оливия Кёлбаса - 0,5.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2023, 11:30 10151
Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді. Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.
Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2023, 22:04 10911
Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды
Сурет: ?ТФ
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды.
Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады - 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты - 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді - 6:4.
Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 3 минутқа созылған матч барысында Еленп 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.
Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2023, 20:08 12156
Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан Теннис федерациясынан.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде латвиялық, біреуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Рыбакина ойынды брейкпен бастады - 2:0. Тағы бір брейк - 4:1. Содан кейін өзі доп берген тартысты геймде төртінші сетболын пайдалана алды - 6:2.
Есесіне екінші партияда латвиялық теннисші алға кетті - 2:0. Жаңбыр жауып кетуіне байланысты есеп 4:2 болғанда, бәсекеде үзіліс болды. Үзілістен кейін Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға кетті - 5:4. Сосын екінші матчболын құр жіберген жоқ - 6:4.
Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Осылайша, қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс жарысының финалына шықты.
Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметованы жолдан тайдырды - 7:5, 5:7, 6:2.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2023, 09:52 13601
Елена Рыбакина Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясынан.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е. Рыбакина жеңген еді.
Бірінші партияда Ига Швентек 4:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен, Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.
Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді.
Осылайша, биыл Елена әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты. Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол ширек финалда тартысты кездесуде испаниялық Паула Бадосаны жолдан тайдырды – 6:2, 4:6, 6:3.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2023, 10:58 16761
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы бір сатыға көтерілді
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Inform.kz.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Мәскеу жарысында кездесіп, онда чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткенімен, чехиялық спортшы қайыра брейк жасады. Дегенмен Елена матчты тағы бір брейкпен бітірді - 6:3.
Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша, М.Вондроушовадан есе қайтарған Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Римде әлемнің төртінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті.
Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
09.06.2023, 10:18Ақтауда төтенше жағдай режимі кемінде 30 күнге созылады 09.06.2023, 10:27 11531Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін әзірледі09.06.2023, 13:53 8751«Эйр Астана» қымбат әуебилеттері үшін салынған айыппұлға шағымданбақ09.06.2023, 14:06 8556Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесті09.06.2023, 14:11 8406Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мобильді науқан басталды
08.06.2023, 16:15 16776Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті08.06.2023, 12:34 15251Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында баяндама жасады08.06.2023, 16:06 14571Өзбекстанның премьер-министрі шетелдік инвесторларды Арал теңізінің мәселесін шешуге шақырды07.06.2023, 14:36 14296ЮНЕСКО-ның бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды07.06.2023, 11:37 13751Ақтөбе қаласы әкімдігіне уақытша жаңа басшы тағайындалды
25.05.2023, 17:37 55591ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54311Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды15.05.2023, 16:36 51236Алматыда жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы митинг өтті25.05.2023, 17:25 49746Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда16.05.2023, 22:46 48511Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады