05.08.2021, 20:50 25416

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Олимпиадада қола жүлдеге ие болды

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.
ТОКИО. 5 ТАМЫЗ - Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты, деп жазады Olympic.kz
 
Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді. 
 
Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз. 
 
Айта кетейік, бұл ҚР құрамасының алтыншы олимпиадалық медалі. Боксер Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында Қазақстанға бесінші қола медаль әкелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны