04.08.2021, 21:21 13730

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадада қола жүлдеге ие болды

ТОКИО. 4 ТАМЫЗ - Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Аталған салмақ бойынша сынға түскен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына жол берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақат алуына байланысты тоқтатылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді.
 
Нәтижесінде, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
 
Айта кетелік, бокстан Токио Олимпиадасына толық құраммен барған Қазақстан командасы сапынан жартылай финалға Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев өткен болатын. 
 
Өкінішке қарай, Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліс тапты. Енді Сәкен Бибосынов (52 келі) ертең финал жолдамасы үшін сынға түседі. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны