24.07.2021, 20:40 13133

Елдос Сметов Олимпиадада Қазақстанға бірінші медаль әкелді

ТОКИО. 24 ШІЛДЕ - Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос "ваззари" ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр", - деп хабарлайды Olympic.kz.

 
Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді. 
 
Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны