10.02.2025, 09:50 99151
Харбиндегі кездесуде Қазақстанда биатлонды дамыту мәселелері талқыланды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Усенов Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олли Даллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Ресми іс-шара Харбиндегі Қысқы Азия ойындары аясында өтті. Кездесу барысында негізгі талқыланған мәселелер - спорттық ғылым саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, бапкерлерге арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту және Қазақстанда IBU аясында Әлем кубогы кезеңдерін өткізу мүмкіндігі.
Олли Даллиннің айтуынша, IBU әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ашық. Оның ішінде, скандинавиялық елдер мен басқа мемлекеттер арасындағы дайындық деңгейіндегі алшақтықты азайту, сондай-ақ әлемде биатлонды дамыту үшін тең мүмкіндіктер жасау бар. Ол Қазақстан тарапына Азия биатлон конфедерациясын құрып, өңірлік жарыстар өткізгені үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда биатлонды дамыту үшін IBU-дың қолдауы аса маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, спорт әдістемесі, ғылыми және практикалық білімдер бойынша тәжірибе алмасу бағытында. Айта кетейік, Қазақстанда IBU академиясы жұмыс істейді, онда бапкерлер мен мамандарға арналған курстар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Қазақстан биатлонды кеңінен насихаттау мақсатында әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл додалар елдегі инфрақұрылымы дамыған өңірлерде IBU аясында ұйымдастырылуы мүмкін.
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спортты жан-жақты дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Біз Қазақстан биатлоншылар одағы мен IBU арасында бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Өз тарапымыздан, қазақстандық спортты сапалы дамыту мақсатында әртүрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп түйіндеді Геннадий Головкин.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.12.2025, 14:53 806
Қазақстандық спортшылар XXV қысқы Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайтын болады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Министрдің сөзінше ойындар Италияның Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа 93 елден 3 000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Барлығы 116 марапаттар жиынтығы ойнатылады. Ұлттық команда спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынасады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.
Салтанатты ашылу рәсімі 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласында өтеді, ал жабылу салтанаты 22 ақпанда Верона қаласында ұйымдастырылуы жоспарланған. Ойындар бағдарламасы конькимен жүгіру және шаңғы жарысы спортшыларының өнер көрсетуімен басталады. Соңғы кезеңде тау шаңғысы бойынша жарыстары өтеді. Болжамға сәйкес, ұлттық команданың құрамында 35-ке жуық спортшы болады деп күтілуде. 2022 жылы Пекинде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 34 спортшы қорғаған. Қазіргі уақытта Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды.
Елімізде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамуда. Олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және олимпиадалық резервті дайындау мақсатында спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде елімізде қысқы спорт түрлеріне арналған 1 262 спорт нысаны бар. Құрылған инфрақұрылым қысқы спорт түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және олардың кеңінен дамуына ықпал етеді. Қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 149 мыңға жуық адамды құраса, спорт мектептерімен қамтылған балалар мен жасөспірімдер саны 17 мыңға жетті. Бұл ретте ұлттық команданы қалыптастыру халықаралық жарыстардағы нәтижелер бойынша жүзеге асырылады", - деді Ербол Мырзабосынов.
Министрлік республикалық федерациялар және өңірлер әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлемдік рейтингте көшбасшылардың біріне айналу үшін әлеуеті бар спортшыларды іріктеді. Тізімге халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, әлем чемпионаттары мен кубоктарында түрлі деңгейдегі медальдарды жеңіп алған спортшылар енді. Олардың ішінде Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасында 2025 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері бар.
Мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылы Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, әйелдер арасындағы Гран-приде Софья Самоделкина алғашқы тарихи күмісті жеңіп алды. Шорт-тректен Денис Никиша 2024 жылы әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алып, бұл жетістігін 2025 жылы да қайталады. Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңдерінде екі алтын медаль жеңіп алды. 2025 жылғы Азия ойындарында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов фристайл-акробатикадан Қытайдың екі фаворит командасын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Нәтижелерді қамтамасыз ету үшін Министрлік спорт федерацияларымен бірлесіп, ұлттық команданы дайындаудың кешенді жоспарын жасады. Жоспар аясында оқу-жаттығу жиындары, медициналық-психологиялық қолдау, қаржылық қолдау, қажетті спорттық құрал-жабдықтар, тамақтану және білікті жаттықтырушылармен жұмыс жасау қарастырылған. Ойындарға сапалы дайындық мақсатында ұлттық командалар 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ спортшыларымыз 125 халықаралық жарыстарға қатысты. Қаржыландырудың жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде федерациялар қаражатынан
- 585 млн теңге, республикалық бюджеттен - 5,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 6,2 млрд теңге, Туризм және спорт индустриясын қолдау қорынан - 1,2 млрд теңге.
Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық командалардың бас бапкерлерінің құрамы анықталды. Жаттықтырушылар құрамына әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысу тәжірибесі бар жоғары деңгейдегі мамандар кіреді. Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусь елдерінен мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шорт-трек және биатлон бойынша 13 шетелдік ТОП-деңгейдегі жаттықтырушы-кеңесші спортшыларымыздың сапалы дайындығына жұмылдырылды. Техникалық талаптарды, макеттерді және жеткізілетін спорттық киім-кешекті бақылауды үйлестіру мақсатында Министрлік, Ұлттық Олимпиада комитеті, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ белгілі спортшылардың қатысуымен жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия спорттық киім-кешектің эскизін бекітті, қазір ол Халықаралық Олимпиада комитетімен келісілуде. Киім-кешек жиынтығына спортшылардың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға арналған киім формасы, сондай-ақ спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді. Сондай-ақ спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға және күнделікті қолдану үшін спортшыларға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді. Жалпы, спорттық киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды.
Қазір XIV қысқы Паралимпиада ойындарына жоспарлы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жарыстар 2026 жылдың 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді. 665 спортшы қатысады деп күтілуде, олар 79 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ұлттық команда 2 спорт түрінен - пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан қатысуды жоспарлап отыр. Бұл спорт түрлері бойынша 38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінге дейін ұлттық команданың 7 спортшысы 10 лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында Ербол Хамитов - парабиатлоннан әлем кубогының жалпы есепте жеңімпазы атанған тұңғыш қазақстандық және Хрусталь глобустың иегері, Александр Герлиц - 2022 жылы Пекинде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ойындарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 6 оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін пара шаңғы спорты және парабиатлон бойынша шетелдік жаттықтырушы-кеңесші Роман Александрович Петушковпен келісім-шарт жасалды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Министрдің сөзінше Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық қалыпты жағдайда жүріп жатыр және ерекше бақылауда. Сөз соңында ол Ұлттық Олимпиадалық және Паралимпиада комитеттерімен, спорт федерацияларымен және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, командалардың сәтті өнер көрсетуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 10:43 34436
Тарихта қалды: Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Сурет: Турар Казангапов olympic.kz
Достарға айту
Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді. Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына алғашқы мүмкіндігінде-ақ қабылданды, деп хабарлайды olympic.kz.
Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы - орта салмақтың ең табысты мансаптарының бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.
Кәсіпқой боксқа өткен соң, Геннадий Головкин орта салмақтың XXI ғасырда дүркіреген чемпиондарының біріне айналды.
Кәсіпқой рингте ол 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті (37-сі нокаутпен). Ұзақ уақыт бойы P4P (pound-for-pound) рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді.
2012 жылы HBO арнасымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін Головкин премиум-арнаның басты жұлдызына айналды. Оның жекпе-жектері үнемі үлкен қызығушылық тудырып, нокаутқа негізделген шабуылшы стилі мен орта салмақтағы үстемдігі оны әлемдік аренадағы мәртебесін айшықтай түсті.
Тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттан тұратын жеңісті жолы - дивизион тарихында ең ұзақ сериялардың бірі болды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін 21 рет сәтті қорғап, рекорд жасады. 90 пайыздан асатын нокаут көрсеткіші Гиннес рекордтар кітабында әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары пайыздардың бірі ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш те оны қазіргі бокстың ұлы тұлғаларының бірі екенін айқындайды.
Осы статистиканың ар жағында - жылдар бойғы тәртіп, ішкі күш-қуат, мықты жігер және ұлы спортшыларды даралайтын табандылық жатыр. Әр дәл тиген соққы оның ұлылыққа бастар жолындағы бір қадам болды. Ал оның стилі кәсіби бокстың үлгісіне айналды.
Бүгінде Геннадий Головкин ел намысын жаңа деңгейде қорғап жүр. Қазіргі таңда ол басқару саласында еңбек етуде. Даңқты боксшы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымын басқарады. Осылайша халықаралық спорт ұйымына жетекшілік еткен алғашқы қазақстандық атанды.
Оның Халықаралық бокс Даңқ залына енуі - тек жетістіктері үшін марапат емес, әлемдік бокстың тарихында терең із қалдырған әрі шаршы алаңнан тыс жерде де спорттың дамуына ықпал етіп келе жатқан тұлғаның еңбегін бағалау.
Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалардың қатарында ресми түрде аталатын болды.
Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.10.2025, 15:08 65496
Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирді ашты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ол бұқаралық спортты дамытуға және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аудартты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Үстел теннисі бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыруға және саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанда бүгінде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен тұрақты түрде айналысады. Ал салада 10 мыңнан астам кәсіби спортшы және 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.
Бүкіл республика бойынша 20 өңірлік федерация бар, 12 заманауи үстел теннисі орталығы, 30 жаңа бөлімше және 35 мамандандырылған зал ашылған.
Қазақстандық спортшылар халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуде. Соңғы екі жылда олар 85 медаль жеңіп алды, оның ішінде 31-і алтын алқа. Олардың арасынан Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименконы, жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиевті, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Зәуреш Акашева және Сарвиноз Миркадироваларды ерекше атай кету керек.
2023 жылы Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өткен болатын. Енді 2027 жылы Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.
Премьер-министр Президент Кубогына арнап турнир өткізу отандық спортты әлемдік деңгейге көтеру мақсатындағы маңызды қадам екенін және мұнда Қазақстан мен шет елдердің мықты теннисшілері бас қосатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2025, 09:25 85681
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" өз алаңында мадридтік "Реалдан" ірі есеппен жеңілді
Сурет: instagram/f.c.kairat
Достарға айту
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық "Қайрат" (Алматы) испаниялық "Реал Мадрид" (Испания) командасын қабылдады, деп хабарлайды Inform.kz.
Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч алаң иелерінің шабуылымен басталды. Әп дегеннен "Қайрат" ойыншылары қонақтарға қауіп төндіріп, Куртуаның қақпасын торуылдаумен болды. Алайда Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшылар да қарап қалмады. Орайы келгенде шабуылға шығып, Шерхан Қалмырзаның да шеберлігін тексеріп көрді.
Кездесудің 25-минутында "Қайрат" командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Осылайша корольдік клуб есепте алға шықты. Мұнан соң таблодағы есеп екінші таймда өзгерді. "Реалдың" үздігі Киллиан 52-минутта дубль авторы атанды. Ойынның 58 минутында Мбаппенің тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қақпа алдында білгенінен жаңылды. Дегенмен қырағы шабуылшы 74-минутта хет-трик жасап, есепті еселей түсті.
Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі төртінші голды өз атына жазды. Ал, Браим Дияс ойынның нүктесін қойды.
Өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2025, 08:56 85211
Кадеттер арасындағы ӘЧ-2025: Әлиша, Әдинұр және Данис - әлем чемпиондары
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Әлем чемпиондары атанғандар – 8 жастағы Әлиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек, сондай-ақ 12 жастағы Данис Қуандықұлы. Қазақстандық шахматшылар командалық есепте де үздік шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 қыркүйек аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы СКК бас аренасында өтті.
88 елден келген 842 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның 20 өңірінен келген 229 ойыншы, классикалық уақыт бақылауымен 90+30 (партияға 90 минут және әр жүріске 30 секунд қосылады) швейцариялық жүйе бойынша 11 турлық қиын жолдан өтті.
11 тур қорытындысы бойынша әлем чемпиондары, күміс және қола жүлдегерлер ұлдар (Open) және қыздар (Girls) арасындағы алты жас санатында анықталды: 8 жасқа дейін (O8 және G8), 10 жасқа дейін (O10 және G10), 12 жасқа дейін (O12 және G12).
G8 санаты (94 қатысушы):
- Әлиша Бисалиева (1704, Қазақстан) – 9½ ұпай;
- Чжу Цзяхэ (1630, Қытай) – 9;
- Болд-Эрдене Целмег (1661, Моңғолия) – 8½.
Астаналық Әлиша Бисалиеваның чемпион атануы үшін соңғы турда тең ойын жеткілікті болды. Ол бұл нәтижеге сенімді түрде, мықты позициядан қол жеткізді.
O8 санаты (150 қатысушы):
- Әдинұр Әділбек (1935, Қазақстан) – 9½ ұпай;
- Фёдор Сидельников (1720, FIDE) – 8½;
- Ван Юйсюань (1728, Қытай) – 8½.
Ұқсас жағдай тағы бір біздің рейтинг фавориті, Астанадан шыққан Әдинұр Әділбекте де болды. Ресейлік Дамир Хасанчинге қарсы ақ фигуралармен ойнаған ол қарсыласын тек қорғанысқа мәжбүр етті. Әдинұрдың шабуылда тәуекел етуге еш қажеттілігі болған жоқ. Тең ойын – және алтын медаль!
G10 санаты (115 қатысушы):
- WCM Шарвааника Сараванан (1971, Үндістан) – 9 ұпай;
- WCM Чинзориг Нандинджигуур (1887, Моңғолия) – 9;
- Киянна Парихар (1728, Үндістан) – 8½.
Бұл жерде де рейтингтегі №1 атанып, жеңіс үшін тең ойын жеткілікті еді. Бірақ Шарвааника жеңіліп қалды, моңғол қызы Нандинджигуурға алға шығуға мүмкіндік туды. Алайда оның қарсыласы – өзбек шахматшысы – оған жол бермеді. Нәтижесінде ұпайлары тең болғанда жеке кездесу бойынша артықшылық үндістандық спортшыда қалды.
O10 санаты (185 қатысушы):
- Юань Шуньчжэ (1805, Қытай) – 9 ұпай;
- CM Ле Фан Хоанг Куан (2031, Вьетнам) – 9;
- AFM Мани Сарбарто (2072, Үндістан) – 8½.
Жарыс басталғанда қытайлық Юань Шуньчжэ 47-ші орында тұрды. Ал мәреде бірінші болып, соңғы турда алматылық Нұрмұхамед Елеместі жеңді де, оны алтын медальдан (және жалпы медальдан) айырды.
G12 санаты (123 қатысушы):
- Лейси Ванг (1883, АҚШ) – 8½ ұпай;
- WFM Лори Кью (1994, АҚШ) – 8½;
- Милана Соколова (1870, FIDE) – 8½.
Соңғы тур алдында екі америкалық пен бір ресейліктен құралған үштік көш бастап тұрды. Олар өз партияларын тең аяқтап, жүлделі орындарды өзара бөлісті. Қуып жеткендер «үштікті бұза» алмады.
O12 санаты (175 қатысушы):
- CM Данис Қуандықұлы (2211, Қазақстан) – 9 ұпай;
- CM Али Пойраз Уздемир (2196, Түркия) – 9;
- CM Итан Гуо (2330, АҚШ) – 8½.
Бұл жерде тең ойынға ойнау көшбасшыға жамандық кері әсерін берді. Сириялық FM Мазен Фанди (2307) өзі жүлдеге жете алмай қалды, бірақ түрік Уздемирді жеңіп, пьедесталға ықпал етті. Осыдан кейін Данис Қуандықұлы теңесуге және Бухгольц коэффициенті бойынша алға шығуға мүмкіндік алды. Оның CM Дамир Булгакпен (2254) партиясы теңге жақындап келе жатқан еді, бірақ цейтнотта Булгак шешуші қателік жіберді. Қара «g» сарбаз бен тураның қолдауымен уәзірге жетіп, қарсылас сағатын тоқтатуға мәжбүр болды. 2023 жылы 10 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанған алматылық Данис екі дүркін әлем чемпионы болды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2025, 10:20 98086
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі - алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды - алты алтын, екі күміс, үш қола. Үндістан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).
Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.07.2025, 18:06 113801
Спорт жарыстарына қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі туралы
Достарға айту
Спорт жарыстарына қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі туралы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан "балаларға спортпен айналысуға тыйым салу" жөніндегі ақпараттарға қатысты түсініктеме беруді қажет деп санайды. Аталған мәлімдемелер 2025 жылғы 16 шілдеде бекітілген №133 бұйрыққа сәйкес келмейді.
Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар - спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты. Осыған орай, министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.
Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды.
Осылайша, "спортпен айналысуға тыйым салынды" деген хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл жерде тек жарыстарға қатысуға қойылатын жас талаптары туралы айтылып отыр.
Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат жоғарыдағы кестеде көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.07.2025, 11:38 116801
Қазақстандық таеквондист Универсиада-2025 алтын медалін жеңіп алды
Достарға айту
Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Германиядағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
Жерлесіміз 63 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.
Самирхон ақтық сында Түркия елінің өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін отандастарымыз алты қола медаль еншілеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.12.2025, 12:02Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады 31.12.2025, 17:05 10931Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 09:19 9496Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады31.12.2025, 13:33 7951Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы31.12.2025, 11:58 6616Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады
29.12.2025, 09:02 696412026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі29.12.2025, 19:40 65786Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады26.12.2025, 13:46 63831Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады25.12.2025, 20:43 63491Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты25.12.2025, 16:25 63041Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
17.12.2025, 17:47 231886Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227406Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225691Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222696Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213676Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

