25.12.2020, 16:19 142097

Әскери қызметші шаңғы жарысынан әлем чемпионатына іріктеуден өтті

Щучинск. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Темірлан Төлегенов FIS (Халықаралық шаңғы спорт федерациясы) жарыстарының күнтізбесіне кіретін шаңғы жарысынан Қазақстан Кубогында күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Щучинск қаласының Ұлттық шаңғы спорты орталығында болып өтті. Жүлделі орын үшін Қазақстанның 11 өңірінен келген спортшылар, сондай-ақ шетелден, оның ішінде Беларуссия мен Ресейден келген шаңғышылар бақ сынасты.

Турнир барысында 15 километрге еркін стильдегі жеке жарыста армиялық спортшы қатардағы жауынгер Темірлан Төлегенов екінші орын алып, 2021 жылы Финляндияда жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуға іріктеуден өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны