05.08.2021, 19:16 15019

Токио-2020: 5 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Бүгін қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың 12 түрінен бақ сынайды.
ТОКИО. 5 ТАМЫЗ - Бүгін қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың 12 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Olympic.kz бүгін, 5 тамыз күні, жарыс жолына қосылатын спортшылар кестесін ұсынады:
 
Ашық суда жүзу. 10 км. Виталий Худяков. Басталуы: 03:30
 
Жеңіл атлетика: Биіктікке секіру. Әйелдер. Надежда Дубовская, Кристина Овчинникова. Басталуы: 06:10
 
Еркін күрес. Ерлер. Данияр Қайсанов (74 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі). Басталуы: 08:30
 
Әйелдер күресі. 53 келі. Татьяна Ахметова-Аманжол. Басталуы: 08:30
 
Каратэ. Ерлер. 67 келі. Дархан Асаділов. Басталуы: 09:15
 
Қазіргі бессайыс. Елена Потапенко. Басталуы: 10:00
 
Бокс. Жартылай финал. Сәкен Бибосынов. Басталуы: 11:48
 
Велотрек. Омниум. Артем Захаров. Басталуы: 12:30
 
Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. Григорий Шейко. Басталуы: 13:30
 
Қазіргі бессайыс. Павел Ильяшенко. Басталуы: 13:30
 
Каратэ. Әйелдер. 55 келі. Мөлдір Жаңбырбай. Басталуы: 14:00
 
Еркін күрес. Қола жүлде үшін белдесу. 57 келі. Нұрислам Санаев. Басталуы: 15:00
 
Қазақстанның қоржынында төрт "қола" бар. Кеше Токиода өткен Олимпиада ойындарында ең ауыр салмақ дәрежесінде бокстан жартылай финалдық жекпе-жек өтті. Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев кездесу қорытындысы бойынша турнирді қола медальмен аяқтады. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зульфия Чиншанло үшінші болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны