29.03.2021, 19:15 7132

Қазақстан Президенті бейнеүндеу жасайды

Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасайды.
НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 
Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды.
 
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
 

Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің, Канада және Ямайка премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесстің бастамасымен өтеді. Іс-шараның тікелей эфирін БҰҰ веб-сайтынан көруге болады", - деді Уәли.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны