10.08.2021, 19:22 6521

Тоқаев: Біз Абай шығармаларын шетелде насихаттауымыз керек

Абай күні 2020 жылдың 4 тамызында бекітілді.
НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың шығармаларын шетелде насихаттауға шақырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 
Естеріңізге сала кетейік, жаңа мереке - Абай күні 2020 жылдың 4 тамызында бекітілді. Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны