01.09.2021, 20:27 8209
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды
Достарға айту
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта, деп хабарлайды Ақорда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 шілдеде ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы - вице-министр лауазымына тағайындалды.
Ербол Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 10 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.
Бұған дейін Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.09.2024, 15:44 16311
Солтүстік Аралға жыл басынан шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді
Достарға айту
Солтүстік Аралға жыл басынан шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың басынан Солтүстік Арал теңізіне 1,9 млрд текше метр су жіберілді. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы жалпы су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.
Бұл туралы бүгін Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Айта кетейік, отырыс Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялардың қатысуымен өтіп жатыр.
Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Биыл Солтүстік Аралға тұрақты түрде су келеді. Суару кезеңінің ортасында Сырдария өзені арқылы теңізге секундына 80 текше метрге дейін су жіберілді. Салыстырмалы түрде, бір жыл бұрын секундына 6 текше метр ғана барған болатын. Соңғы жылдары Солтүстік Аралда су көлемі төмендеді, бірақ 2024 жылдың басынан су деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 22 млрд текше метрге жетті. Солтүстік Аралда су көлемінің одан әрі ұлғаюын қамтамасыз ету үшін біз су дипломатиясын күшейтіп, Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жөніндегі жобаның екінші кезеңін әзірлеп жатырмыз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның 2024-2026 жылдары ХАҚҚ төрағалық ету кезеңіне арналған Атқару комитетінің жұмыс жоспарын бекітті. Құжат құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыру, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру және т.б. мәселелер бойынша 10 бағыттан және 40-тан астам іс-шарадан тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының бірінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, ХАҚҚ Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев қатысты.
Айта кетейік, Сырдария өзені ағынының 75%-ы Қырғызстанда, 20%-ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:41 16506
Қазақстан Қырғызстанмен шекарада индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімді ратификациялады
Достарға айту
Қазақстан Қырғызстанмен шекарада индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:38 16746
Терроризмге қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - терроризмге қарсы қызметтің бастығын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:34 16951
Қоқыс тастаған алматылықтарға айыппұл салынатын болады
Достарға айту
Қоқыс тастаған алматылықтарға айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіненн.
Алматыда үлкен көлемдегі қалдықтардың, оның ішінде ескі жиһаздар, сынған тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтары, сондай-ақ, қаптамалар, пластикалық бөтелкелер және басқа да көше қалдықтарының жиналуымен байланысты мәселе өсіп келеді.
Бұзушылықтар тек контейнерлік алаңдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарға да әсер етіп, қаланың санитарлық жағдайына кері әсерін тигізеді.
2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Алматыда абаттандыру саласындағы бұзушылықтармен күресу шаралары күшейтіледі.
Көлемді қоқыс пен көше қоқыстарын рұқсат етілмеген орындарға қалдырғаны үшін айыппұл салынатын болады.
Экология және қоршаған ортаны қорғау Басқармасы қалалық полиция Департаментімен бірлесіп, тәртіп бұзушыларды анықтауға бағытталған бірлескен рейдтер жүргізеді.
Бейнебақылау камералары қалдықтарды заңсыз төгу жиі орын алатын жерлерде орнатылады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары, стихиялық орындарда рұқсатсыз сыртқы жарнаманы орналастыру жағдайларына баса назар аударатын болады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Алматы қаласының көшелеріндегі коммуналдық инфрақұрылымды дамыту Басқармасы тазалауға қосымша құрал-жабдықтар мен ресурстарды қажет ететін қоқыс жәшіктері толып жатқан 52 аумақты анықтады.
Санитарлық тазалаудың тиімділігін арттыру мақсатында дизайн-код бойынша жаңа кең қоқыс жәшіктерін сатып алу, сондай-ақ қосымша тазарту, патрульдік маршруттарын іске қосу жоспарлануда.
Бүгінде қалада 33 мыңға жуық қоқыс жәшіктері болса, қаланы тазалауға 1300-ге жуық адам мен 1000-нан астам техника жұмылдырылған.
Көлемді және көше қалдықтарды дұрыс сақтамау қоғамдық орындардың ластануына және қоқыс жинайтын компаниялардың жұмысының бұзылуына әкеп соғады.
Мысалы, көшедегі қоқыс тротуарлар мен жолдарды ластауы мүмкін, ал контейнерлердегі көлемді қоқыс қоқыс таситын нығыздағыштардың жұмысын қиындатады.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзу мынадай айыппұлдарға әкеп соғады:
- жеке тұлғалар үшін - 20 АЕК;
- шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар - 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілері - 40 АЕК;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері - 100 АЕК.
Қаланың санитарлық жағдайы мен эстетикасын жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары 2 мыңнан астам жаңа контейнерлер орнату жоспарлануда.
Бұл контейнерлер қоқыс контейнерлері алып жатқан аумақты азайтады, жағымсыз иістерді бөгейді және құстар мен қаңғыбас жануарлардың кіруіне жол бермейді.
Үлкен көлемдегі қалдықтарды шығару үшін қала тұрғындарына мамандандырылған ұйымдарға хабарласу немесе қалдықтарды өздері шығару ұсынылады.
Бұл шаралар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды болдырмауға, сондай-ақ қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 12:27 17251
Жұманғарин СҚО диқандарымен егін жинау науқанын талқылады
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Тайынша ауданы Абай ауылдық округіндегі "Астық STEM" ЖШС егіс алқабында өңірдің фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұл 9,3 мың гектар жерге көкөніс, дәнді дақылдар, майлы және мал азығы дақылдарын өсіруге маманданған облыстағы ірі кәсіпорынның бірі. Жалпы сыйымдылығы 14 мың тоннаға жуық көкөніс сақтайтын бес қоймасы бар. Ұңғымалардан суды пайдалана отырып, табиғи су қоймалары жоқ егістіктерді суару жүйесі жолға қойылған.
Серік Жұманғарин фермерлермен кездесуде биыл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен оны ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты. Егін жинау кезінде туындайтын мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Қазір біз жаңа өнімді сақтау мәселелерін жүйелі түрде шешіп жатырмыз. Былтырғы өнім сақталып қалған элеваторларда кезек мәселесі бар. Азық-түлік корпорациясы соңғы 2 айға толмайтын уақытта экспортқа және оңтүстік өңірлерге 1 млн тоннадан астам астық жөнелтті, алдағы 2 аптада тағы 200 мың тонна экспортталады. Сонымен қатар біз жедел штабта тұрып қалған бес элеваторды іске қосуды қарастырдық, оның бірі СҚО-да. Қазір біз оларды тезірек іске қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп атап өтті ол.
Вишневское" ЖШС өкілі Павел Рафальский күтілетін өнім мен мемлекеттік қолдаудың маңызы туралы айтты.
Әзірленген бағдарламалар үшін мемлекетке алғыс айтқым келеді. Көктемгі егіс кезінде ол бізге шынымен қолдау болды, аталған қаражат егіс жұмыстарын бастауға, арамшөптерді отап, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Біз гектарына 30 центнерден жоғары мол өнім күтудеміз. Мен ес білгелі мұндай астық түсімі алғаш рет болғалы тұр. Өнімділікті арттыру үрдісін жалғастыру үшін келесі жылы минералды тыңайтқыштарды енгізуді көбейту қажет. Біз жұмыс істеуге дайынбыз, оған тәжірибеміз бар, бірақ біз салған ақша өзін ақтауы керек", - деді фермер.
Тайынша Астық" ЖШС-і Қуат Карбозов көктемгі егіс жұмыстарына жыл басында емес, күздің аяғынан бастап жеңілдікті қаражат бөлу мәселесін көтерді.
Егер ақша егіс науқаны басталуынан әлдеқайда ерте бөлінсе, техниканың қосалқы бөлшектерін арзан бағаға сатып алар едік. Бұл тыңайтқыштардың құнын едәуір төмендетеді, оларды фермер ең соңында сатып алады, өйткені оларға қолма-қол ақша қажет. Биыл жеңілдетілген лизингтің арқасында техника паркімізді 40%-ға жаңарттық. Егер жеңілдігі бар несиелер ұзағырақ мерзімге бөлінсе, бұл бізге де қарыздарды асықпай есептеп, несиемізді жабуға көмектесер еді", - деді ол егіс алқабындағы әріптестерінің пікірін жеткізіп.
Аграрлық несие корпорацияның" Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыру үшін нарықтан қаражат тарту мүмкіндігімен жұмыс істеп жатқанын айтты. Қорытынды шешімді Үкімет қабылдайды. Жеңілдігі бар несиелендіру шарттарын арттыруға келетін болсақ, "Кең Дала" бағдарламасының шарттары келесі жылдың көктеміне дейін несиелік міндеттемелерді өтеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақі Серік Жұманғарин сыйымдылығы 118 мың тонна болатын Тайынша элеваторына барды. Элеваторда 4 астық кептіргіш бар, олардың бір бөлігі сұйытылған газбен жұмыс істейді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі астық кептіргіштер үшін арзандатылған бағамен сұйық отынның қажетті көлемі бөлінгенін және элеваторға жоспарлы түрде бөлінетінін хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында вице-премьер Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе стансасы қызметінің нәтижесімен танысты. Бұл элиталық тұқым шаруашылығы 2023 жылы "Семеновна" жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сортының түпнұсқа және элиталық тұқымдарын өндіруге грант ұтып алды. Жаңа сорттың артықшылығы құрғақшылыққа және ауруларға төзімді, тыңайтқыштарға жоғары сезімталдығы бар, глютен мөлшері 30%-дан жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 12:25 17966
Қазақстанда сауда биржаларына бақылау күшейтіледі
Достарға айту
Қазақстанда сауда биржаларына бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.
Тауар биржалары мәселелері бойынша түзетулер биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды қатаңдатып, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Осыған байланысты тауар биржаларын микро және шағын бизнес санатынан шығару, сондай-ақ брокерлер мен клиринг орталықтарын лицензиялауды енгізу ұсынылып отыр.
Мемлекеттік бақылауды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де кеңейтеді: ол биржалық саудаға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізіп, тауар биржаларын лицензиядан айыруға және оларды тоқтатуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар Үкімет конкурстық негізде әлеуметтік маңызы бар биржа тауарларының саудасы жүзеге асырылатын тауар биржаларының тізбесін айқындайды. Тауар биржаларының тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітеді, оған көмір, бидай, мұнай және бірқатар азық-түлік өнімдері кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 12:21 18206
Екі облыс тұрғындарына әскери қызметшілердің жүретіндігі туралы ескерту жарияланды
Достарға айту
Екі облыс тұрғындарына әскери қызметшілердің жүретіндігі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.
Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2024, 14:54 37151
Астанада жуырда жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау басталады
Достарға айту
Астанада кезекте тұрған азаматтар үшін "Көпбалалы отбасылар" және "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау жуырда басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қабылдау күні: 2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 09: 00-ден 7 қазанға дейін сағат 18.00-ге дейін.
Өтінімдерді қабылдау birge.astana.kz. порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Көпбалалы отбасылар" санаты үшін пәтерлер саны - 223 пәтер (оның ішінде 69 пәтер өткен кезеңнің көлемі).
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санатына арналған пәтерлер саны - 154 пәтер.
Халықтың әлеуметтік осал топтары" басқа санаттарына арналған пәтерлер саны - 458 пәтер.
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.
Нысандардың орналасқан жері: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданында; Нұрғиса Тілендиев даңғылы; Астана-Қарағанды тас жолы ауданында.
Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі.
Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдағы кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.
Толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан білуге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.09.2024, 18:53Үлбі металлургия зауыты 75 жылдығын атап өтуде 13.09.2024, 18:52 61356Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті13.09.2024, 15:41 61196Елордада әскери оқу-жаттығу жиындары басталды13.09.2024, 15:38 60496Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты13.09.2024, 15:31 60036Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
28.08.2024, 18:38 116831Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11564139 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 111446Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 107206Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 107086Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді