03.09.2021, 21:14 8808
Қарулы Күштерде әскерлерді қауырт тексеру басталды
Достарға айту
Ведомствода хабарлағандай, әскерлерді елдің өзге аймақтарына жіберуге бұйрық берілді. Әскери қызметшілер әскери техникамен бірге теміржол эшелондарымен, әскери-көлік авиациясымен алыс жерлерге жіберіледі. Бұдан басқа, оқу-жаттығу мақсатында жеке құрамды тасымалдауға азаматтық авиакомпаниялардың ұшақтарын тарту жоспарланған.
Кейбір запастағы әскери міндеттілерді шақыруды жүзеге асыру үшін жергілікті әскери басқару органдарына нұсқау берілді. Бірнеше азаматқа әскерге шақыру қағаздары табыс етілді. Оның негізінде әскери бөлімдерді жасақтау үшін олар жинау пункттеріне келуі тиіс болды. Осылайша әскери-оқытылған резервті жұмылдыру мүмкіндіктері тексеріледі.
Белгіленген аудандарға келгеннен кейін әскерлер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайды. Аталған тапсырмалардың мазмұны оларға қосымша жеткізіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі аясында оқу-жаттығу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.11.2023, 17:12 2171
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Того Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, елімізге ресми сапармен келгені үшін Президент Гнассингбеге ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, Того Президентінің сапары екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға жол ашады. Құрлықаралық байланыстың жоғары деңгейде екенін білдіреді.
Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттың бірі. Біздің мемлекеттеріміз бір-бірінен алыста жатыр. Соған қарамастан, біз Тогомен тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Бұл елдің өзара тиімді ықпалдастық орнатуға ұмтылысын толық қолдаймыз. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 10 жыл толады. Осы кезеңде достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық нығая түсті. Қазір оны тың қарқынмен дамыта түсуге мол мүмкіндік бар. Жаңа ғана осы мәселені талқылап, маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Мұның бәрі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да саладағы байланысты жандандыруға ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Того Президентімен ауыл шаруашылығы, жаңа технология, қазба байлықтарды бірлесе игеру, өндіріс және инвестиция салалары бойынша да келіссөз жүргізгенін айтты.
Екі ел үкіметтеріне тауар айналымын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге келістік. Әсіресе, Қазақстанның Тогоға дәнді дақылды экспорттау мүмкіндігі зор екеніне назар аудардық. Еліміздің бастамасымен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы құрылғанын білесіздер. Мен Тогоны осы ұйымға мүше болуға, оның әлеуетін пайдалануға шақырдым", – деді Президент.
Мемлекет басшысы табиғи ресурстарға бай Қазақстан мен Того елдері темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау, өндіру және игеру үшін бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие екеніне назар аударды.
Мен Қазақстан кәсіпкерлері Тогоның тау-кен өндірісін зерттеуге дайын екенін атап өттім. Сонымен қатар екі елдің көлік-логистика саласындағы әріптестігі жан-жақты талқыланды. Қазақстанға Ломе портының әлеуетін қарастыру бойынша ұсыныс айтылды. Бұл теңіз айлағы қызмет ауқымы бойынша Батыс Африкада екінші орын алады. Біз өзара тиімді әріптестікті дамытуға барынша күш салуымыз керек. Сондықтан Того кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырдым. Олар форумда Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныса алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек, Президент Астана мен Ломе арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық орнату маңызды екеніне тоқталды.
Бұл екі халықтың бір-бірін жақын тануына мүмкіндік береді. Осы ретте Того жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бүгінгі қатынастарымызға тың серпін беру үшін елдеріміздің Құрметті консулдарын бекітуге келістік. Бұл келісімдер ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз қатынас орнатқанын және көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ұқсайтынын атап өтті.
Әсіресе, жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз ойдағыдай дамып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Африка Одағы сияқты құрылымдар арқылы өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президенттер жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері туралы пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбенің елімізге сапары, шын мәнінде тарихи маңызға ие екенін және екі елдің қарым-қатынасын кеңейтуге тың серпін беретінін жеткізді. Сондай-ақ Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты.
Өз кезегінде Фор Гнассингбе Тогоның Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ерекше көңіл бөліп отырғанын және стратегиялық серіктестікті өңіраралық қана емес, құрлық деңгейінде де дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
300 миллионнан астам халқы бар Батыс Африка елдерімен тауар айналымын жолға қойған Того қазақстандық инвесторлардың қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығымыз дамып келе жатқаны қуантады. Бүгінде сіздің елдің Тогоға астық жеткізу мүмкіндігі мол. Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Біз де өз елімізде цифрландыру жобаларын іске асырып, осы бағыттағы ынтымақтастықты жолға қоюға ниеттіміз. Бұл тұрғыдан сіздерден үйренеріміз көп", – деді Того Президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 16:53 1751
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Келіссөз алдында Того Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Гнассингбе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Тогоның әнұрандары шырқалды. Бұдан соң президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбеге ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
– Қазақстан Сіздің еліңізбен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі. Бұған дейінгі бейресми әңгімелесу барысында біз Қазақстан мен Того арасында ықпалдастық орнату үшін өзара мүддені көздейтін қолда бар мүмкіндіктерді талқыладық. Әрине, елдеріміз әртүрлі құрлықта, әртүрлі аймақта орналасқан. Бірақ бізге қазіргідей халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керек. Осы орайда Қазақстан мен Того, сондай-ақ басқа да мемлекеттер халықаралық қатынастарды қалыпқа келтіру үшін бір болуы қажет, – деді Президент.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Того күш жұмылдыра отырып, алдағы уақытта атқара алатын негізгі салаларды айқындады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екіжақты және халықаралық күн тәртібін ілгерілету үшін тұрақты диалог орнату қажет.
Өз кезегінде Президент Фор Гнассингбе жылы шырай танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына алғыс айтты.
– Мен Сізге және барша Қазақстан жұртшылығына Того халқының ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Екі елдің игілігі жолындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін зор мүмкіндік бар, – деді Того Президенті.
Бұдан кейін президенттер екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 14:07 6061
Елімізде 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көлік министрі Марат Қарабаев биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 10,7 мың км автомобиль жолдары қамтылғанын, оның ішінде 6,5 мың км республикалық маңызы бар трассалар, 4,2 мың км жергілікті жолдар екенін мәлімдеді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде нормативтік жай-күйдегі жолдардың үлесі 92%-ға, жергілікті деңгейде 87%-ға жетеді.
Ірі жобаларға келетін болсақ, бүгінде Үлкен Алматы айналма жолы, Қандыағаш - Мақат және Үшарал - Достық трассалары бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл ретте тұрғындардан түскен шағымдарды ескере отырып, күш-жігер 4-5 жылға созылып келе жатқан негізгі жолдарға бағытталған. Бұл Талдықорған - Өскемен, Қарағанды - Алматы, Мерке - Бурылбайтал, Ақтөбе - Қандыағаш, Атырау - Астрахан автожолдары. Аталған жобалар бойынша елді мекендердегі айналма жолдардан басқа, 923 км-де қозғалыс ашық.
Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды күрделі жөндеу жобаларына ерекше назар аударылады. Олардың ішінде Казталовка - Жәнібек және Өнеге - Бисен - Сайқын бар. Қазіргі уақытта 220 км бойынша көлікпен жүруге болады. Жобалар толығымен 2024 жылы аяқталады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым жөндеу жұмыстарын жүргізу және жергілікті жолдардың сапасын арттыру шаралары туралы баяндама жасады.
Премьер-Министрдің айтуынша, күре жолдарды дамыту экономиканың өсу динамикасына оң әсерін береді. Күре жолдардың кең таралған желісі ішкі және сыртқы сауданы дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан толыққанды көлік-логистикалық хабқа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай міндет қойып отыр. Ол үшін автомобиль жолдарының құрылысы, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету жобаларын іске асыруды жандандыру қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының сөзінше, 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін ұзындығы 4,7 мың км болатын жаңа жобаларды іске асыру басталады.
Осылайша, 2030 жылға дейін барлық халықаралық автомобиль дәлізін жаңғырту жұмыстары аяқталатын болады. Басты мәселе - жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету", - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отырғанын айтты. Әсіресе, сапасыз жөндеу жұмыстарына қатысты айтылып жатқан сын көп. Тек осы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті.
Мысалы, жол азабын тартқан Қостанай облысының тұрғындары "Ұзынкөл" станциясы мен Троебратское ауылы арасындағы әбден тозып біткен жолға қатысты ұжымдық хат жазған. Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол болып табылады. Биыл Ақтөбе облысының "Жұрын" станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған. Тараз қаласының тұрғындары Қарасу шағын ауданында 1 жылдан астам уақыт бойы бітпей жатқан жол жөндеу жұмыстарын аяқтауды талап етіп келеді. Мұндай мысалдар барлық өңірде көптеп кездеседі", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы жергілікті жолдардың сапасына сараптама жасау жұмыстарын да дұрыс жүргізе алмай отырғанын айтты. Бұл ретте кейбір өңірлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау тарапынан бақылаусыз жүргізеді.
Оған қоса жол саласында шешілмей келген проблеманың бірі - битум тапшылығы.
Битум бойынша пайдалану технологиясы сақталмайды. Бұл да жолдардың сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар әкімдіктер құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жобаларына арналған жер учаскелерін беру уақытын созып жібереді. Осы факторлардың барлығы саланы дамытуға кедергі болуда. Сондықтан жол құрылысына деген көзқарасты өзгерту қажет", - деді Премьер-Министр.
Жоғарыда айталғандарды ескере отырып, Үкімет басшысы автомобиль жолдарына қатысты барлық жоспарланған жобаның уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, битумды сақтау инфрақұрылымын құру бойынша шаралар қабылдауды, оны сақтау және пайдалану технологиясының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар Үкімет басшысы құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін кеңейту жобаларына арналған жер учаскелерін беру тәртібін оңайлату мәселесін пысықтау керектігін айтты.
Әкімдіктер азаматтардан жол сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар бойынша уақытылы шаралар қабылдауы қажет. Өңірлік трассалар - жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігінде. Жол жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, оларды жөндеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 14:02 6381
Прокуратура балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлауға шақырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы облысының прокуратурасымен Полиция департаменті және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Әр ауданда және Қонаев қаласында прокуратура, полиция, қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, психологтар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа мүдделі органдардың қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды.
Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған, оның негізгі мақсаты зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау болып табылады.
Мобильдік топтар бір айда 400 астам отбасыны тексерді, оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ балалар өгей әкелермен тұратын отбасылар.
Мысалы, Іле ауданында аштан жүдеу, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмағанған 6 жасар Ч.М. анықталды.
Бала жедел түрде "Екі жақты пневмония" диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді.
Ата-ана ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқықтарын шектеу туралы талаппен сотқа жүгінді.
Райымбек ауданында үш баласы аштан жүдеу отбасы анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа орналастырылатын болады.
Балқаш ауданында үш отбасында өгей әкелер балаларды ұрып-соққаны анықталды, полиция органдарымен кінәлі тұлғаларға қатыcты ӘҚБтК 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.
Жалпы, біріккен рейдтер нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 51 ата-ана тартылды, оның ішінде:
38 тұлға ӘҚБтК 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау);
- 7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу);
- 3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы бойынша (Ұрып-соғу);
- 2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы);
- 1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру).
Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды, сотқа ата-ана құқықтарын шектеу туралы 7 талап қою берілді.
Азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді.
Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды.
Тұрғын-үйге кезекке 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын-үй алуға көмек көрсетілді.
Балалардың қатысуымен 8 іс-шара өткізілді, прокурорлар мектептерде түрлі тақырыптарда 496 дәріс оқыды.
Алматы облысы прокуратурасының QR-коды барлық білім мекемелерінде орналасқанын айта кеткен жөн, ол арқылы ай сайын азаматтардан 10 жуық түрлі құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарламалар түседі, соның ішінде буллинг, қорқытып алу, ақша жинау және басқалар.
Бұл сигналдар прокурорлармен көп ұзамай тексеріліп, расталған жағдайда прокурорлық қадағалау шаралары қабылдануда.
Заманауи технологияларды енгізу құқық бұзушылықтардың алдын-алуы мен ашуына оң септігін тигізетінін тәжірибе көрсетті.
Облыс тұрғындары біздің жобаға қатыса алады.
Ол үшін балаларға қатысты құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы бізге +7-777-012-35-91 нөмірі немесе almaty_obl_prok "Instagram" парақшасы арқылы хабарлау қажет.
Анонимділік кепіл етіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 21:35 22856
Қазақстан мен Малайзия "Алматы-Куала-Лумпур" тікелей әуе рейстерін ашуда
2024 жылдың 14 наурызынан бастап Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер аптасына төрт Алматыға ұшатын болады
Достарға айту
Қазақстан Елшілігінде Куала-Лумпур мен Алматы арасында "Air Asia Х" компаниясының тікелей рейстерінің іске қосылуын жариялау салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
2024 жылдың 14 наурызынан бастап Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер аптасына төрт Алматыға ұшатын болады.
Салтанатты рәсімге "Air Asia" компаниясы кіретін "Сapital А" холдингінің басшылығы, сондай-ақ "Tourism Malaysia" агенттігінің өкілі Искандар Мирза, іскер топтар, БАҚ өкілдері мен туристік операторлар қатысты.
Capital А" бас директоры Тони Фернандес Қазақстанның басқа елдерге жаңа "көкжиектер" ашатын ірі өңірлік хаб ретіндегі ерекше рөлін атап өтті, өйткені Қазақстан мыңдаған жылдар бұрынғыдай Шығыс пен Батысты байланыстыратын ел.
Елдеріміздің ірі қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасы бизнес, білім, туризм және мәдениет саласындағы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. "Air Asia" компаниясының қамту географиясын ескере отырып, бұл жоба Алматы мен Куала-Лумпурдың орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның өңірлік хабтары ретіндегі рөлін кеңейтеді, - деді Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 20:45 24086
ІІМ-нің Кинологиялық орталығында ашық есік күні өтті
Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен полиция жыл сайын 3700-ден астам қылмыс ашады
Достарға айту
ІІМ-нің Кинологиялық орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызығушылық танытқандар иттердің іздестіру жұмысындағы шеберліктерін сынап, қызметтік иттерді оқытуға қатысты. Қонақтардың бірі өзін қаскүнем ретінде сынап, белгісіз бағытта жасырынып қалды, алайда Арчи есімді неміс овчаркасы оны иісі арқылы тез тауып алып, полиция қызметкерлері келгенше ұстады.
Студенттерге қызметтік иттердің көлікте және адамдардың киімдерінде жасырылған синтетикалық есірткінің иіс имитаторларының бар-жоғын қалай дәл анықтайтыны көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының профилактикалық іс-шаралары аясында өткізіледі. Олардың мақсаты - есірткі қылмысына төзбеушілікті насихаттау, жастарды кинолог-мамандардың күнделікті жұмысымен таныстыру, сондай-ақ жануарларға деген қамқорлықты қалыптастыру", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинология бөлімінің басшысы Алмас Кунтуов.
Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен полиция жыл сайын 3700-ден астам қылмыс ашады, биыл 360 есірткі құқық бұзушылығы, 50-ге жуық кісі өлтіру, 10 шақты қарақшылық, 90-ға жуық тонау, 1400-дей ұрлық ашылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 20:35 24381
Мемлекет басшысы AD Ports Group компаниясының басқарушы директорын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен AD Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп
Достарға айту
Мемлекет басшысы AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси AD Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.
Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын "Солтүстік - Оңтүстік" бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен AD Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 20:19 24851
Елімізде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша қаражат бөлінді
Ақмола облысының әкімдігіне ең көп қаражат – 7,8 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл шара мал өсірушілер алдындағы субсидиялар бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Құжатта Ауыл шаруашылығы министрлігіне Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға нысаналы трансферттер түрінде 30 млрд теңге бөлу туралы жазылған.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігіне ең көп қаражат – 7,8 млрд теңге бөлінді. Жамбыл облысына 5 млрд теңге, ШҚО-ға 4,5 млрд теңге, БҚО мал өсірушілеріне 1 млрд теңге бағытталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау тапсырылды.
Жалпы биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға Үкімет барлық көздерден 494 млрд теңге бөлді. Жақын арада инвестициялық субсидиялауға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
28.11.2023, 14:02Прокуратура балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлауға шақырды 28.11.2023, 14:07 5401Елімізде 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда28.11.2023, 16:53 1716Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді28.11.2023, 13:57 1686Жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаражат бизнеске жетпей қалады28.11.2023, 17:12 1471Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
23.11.2023, 17:05 907462024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 86731Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 85451Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84131Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75311Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203821Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 188976Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 185991Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154211Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144606Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті