19.03.2023, 08:47 25361

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетеді
Жаңа үкімет құрылатын болады

Астана. 19 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Конституцияға сәйкес, сайлаудан кейін Үкімет жаңадан сайланған Мәжілістің алдында отставкаға кетеді. Бұл туралы журналистерге дауыс беруден кейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
 
Қазіргі Үкімет әзірге жұмысын жалғастыра бермек.
 

Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан айланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына бере тұрып.

 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті.
 
Сайлаушылар тізіміне 12 млн 32 мың 550 азамат енгізілген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны