19.03.2023, 08:22 21961

Қазақстанда 10 146 учаске дауыс беруге кірісті

Қазақстанда 10 146 учаске дауыс беруге кірісті
Сурет: election.gov.kz
Шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі

Астана. 19 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясында хабарлады.
 
Шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі, деп атап өтті ОСК.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны