13.10.2022, 16:37 33081

АӨСШК VI саммитінде бірқатар құжаттар қабылданды

АӨСШК VI саммитінде бірқатар құжаттар қабылданды
Сурет: видеодан кадр
Астана. 13 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде мүше мемлекеттер АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы Астана мәлімдемесін қабылдады, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.
 

АӨСШК-нің трансформациясына қатысты құжаттарды қабылдау тұрғысында қандай да бір қарсылық бар ма? Қарсылық жоқ. Онда АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды деп саналады", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында.

 
Қабылданған келесі құжат қауіпсіздік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы АӨСШК көшбасшылары мәлімдемесінің жобасы болды.
 
Осы орайда Қазақстан Президенті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қадамдарына ерекше назар аударылатынын айтты.
 
Мұнымен қоса, саммит барысында АӨСШК қорын құруға қатысты құжат қабылданды.
 
Бұл тұрғыда Қазақстан Президенті АӨСШК қоры құжатының бекітілуі мен АӨСШК жобаларын анықтау мен іске асырудың арнайы тетігінің айқындалуына орай өз құттықтауын жеткізді.
 
Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінің терроризмге қарсы резолюциясын жүзеге асыру үшін АӨСШК-нің іс-қимыл жоспары қабылданды.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңесті шақыру бастамасының 30 жылдығына орай АӨСШК-нің VI саммиті басталды.

Кездесуге 11 елдің мемлекет басшылары қатысуда: Әзербайжан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Катар, Беларусь.

Саммитте ЕАЭО және АӨСШК өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, саммитке қатысушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумды толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы ұсынысын қолдағаны хабарланды.

Сонымен қатар, Кувейт АӨСШК-ге мүше мемлекет мәртебесін алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны