20.02.2023, 20:12 28076

"AMANAT"-тың кандидаттары Павлодар облысында зауыт жұмыскерлерімен кездесулер өткізді

"Қазақстан алюминийі" АҚ вице-президенті Олжас Рахметов Павлодар қаласының № 22 бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттығына ұсынылды. "Қазақстан алюминийі" АҚ агломерация цехының басшысы Виталий Голубенко "AMANAT" партиясының облыстық филиалының партиялық тізіміне енді
"AMANAT"-тың кандидаттары Павлодар облысында зауыт жұмыскерлерімен кездесулер өткізді
Сурет: AMANAT
Павлодар. 20 февраля. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихаты "Қазақстан алюминийі" АҚ мен "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ-да өтті.

Айта кетейік, "Қазақстан алюминийі" АҚ партиялық ұйымы облыстың ірі "бастауыштарының" бірі болып табылады. "Қазақстан алюминийі" АҚ вице-президенті Олжас Рахметов Павлодар қаласының № 22 бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттығына ұсынылды. "Қазақстан алюминийі" АҚ агломерация цехының басшысы Виталий Голубенко "AMANAT" партиясының облыстық филиалының партиялық тізіміне енді.

Өңірлік штабтың басшысы, "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко және депутаттыққа кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті.

Оларға "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы - бұл қоғамда қалыптасқан проблемаларды шешу жолдарын көрсететін нақты жоспар екендігі айтылды. Халықты толғандыратын проблемаларды талдап, жүйелеп, партия 10 негізгі бағыттан тұратын құжат әзірледі.

Оларға әр облыс пен қаланың демографиялық ерекшелігін, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оны іске асыру бойынша 14 жол картасы жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысатын партияның әрбір кандидаты өзінің сайлауалды бағдарламаларын әзірледі.

Амантай Жарқынбек бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат зауыт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

Ол халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсаруы сияқты аспектілерді айтты. Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Энергетика саласының мәселелері қозғалды. Ол энергия мәселелерін шешу сайлауалды бағдарламаның бір бағыты екенін атап өтті.

Дайындаған: "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

*Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.​
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны