20.11.2022, 21:26 5691

Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды

Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды. ҚР ОСК сайлауға қатысудың алдын ала нәтижелерін 22:05-те жариялайды.
 
Дауыстарды санау басталды.
 
Еске салайық, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 адам енгізілген. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, дауыс беруге 8 282 607 азамат қатысты, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілгендердің 69,31 пайызын құрайды.
 
Дауыс беру ел бойынша 10 033 учаскеде өтті. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
 
10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен сайлауға аккредиттелген шетелдік бақылаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады.
 
Сайлауға алты кандидат тіркелген:
 
  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
  • Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
  • Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
  • Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
  • Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны