08.08.2025, 10:46 42016

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы қандай болады

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы қандай болады
Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысына бастау беру рәсімі басталып жатыр, деп хабарлайды Inform.kz.

Құрылыс алаңына арнайы техника жеткізіліп, сондай-ақ Нововоронеж атом электр станциясының макеті орнатылған.


ҚР Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда салынатын станция осы үлгіге ұқсас болады. Макетте көрсетілген № 6 энергоблок- әлемдегі 3+ буынына жататын алғашқы энергоблок.

Салтанатты іс-шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысады деп жоспарланған.


Рәсім ұйымдастырылар жерде топырақ сынамасын алу үшін бұрғылау жұмыстары жүреді. Алынған капсуладағы үлгілер Ресей жағына зерттеу жүргізу үшін тапсырылады.

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын аяқтау 2035-2036 жылдарға жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны