17.09.2025, 20:02 57801

Қазақстанда құжаттардың бірыңғай электронды архиві ақпараттық жүйесі енгізіледі

Қазақстанда құжаттардың бірыңғай электронды архиві ақпараттық жүйесі енгізіледі
Сурет: depositphotos
Бекітілген заң жобасы архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласын құқықтық реттеуді кеңейтеді. Атап айтқанда, тәжірибелік-конструкторлық және қала құрылысы құжаттамасы, қолжазбалар, суреттер, сызбалар, күнделіктер, хат-хабарлар сияқты материалдарды сақтау және пайдалану нормалары оңтайландырылды, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен.

Негізгі жаңалық "Құжаттардың бірыңғай электронды архиві" ақпараттық жүйесін енгізу болмақ. Ол барлық цифрландырылған архив құжаттамасын сақтауды және мемлекеттік және ведомстволық архивтердің бизнес-процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Архифтерде сақталатын азаматтардың дербес деректері мен жеке мәліметтерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік архивтердің функциялары нақтыланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны