29.11.2022, 13:14 20321

Азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу ​​емтиханын тапсыру талабы бірінші кезекте кімге әсер етеді

Азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу ​​емтиханын тапсыру талабы бірінші кезекте кімге әсер етеді
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу емтиханы тапсырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айты.
 

Қазір алыс шетелден этникалық қазақтар келіп жатыр, олардың құжаттарында қай ұлт екені көрсетілмеген. Осыған байланысты сынақ емтихандарының тақырыптары дайындалып, қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан білімдері сыналады. Енді ұлты құжатында тіркелмеген этникалық қазақтарды келесі жылдан бастан сынақ емтиханынан өткіземіз", - деді Тамара Дүйсенова.

 
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, Экономикалық реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес бекіткен "Ашық Қазақстан 500+" 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын таныстырды.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсыру қажет болады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны