27.01.2022, 17:03 76711

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі ҚР өкілі болып тағайындалды

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі ҚР өкілі болып тағайындалды
Сурет: facebook/bakhyt.sultanov
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі өкілеттігінен босатылды.
 
Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны