15.12.2021, 21:04 253251

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген монетаны айналымға шығарады

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген монетаны айналымға шығарады
Сурет: ҚР ҰБ
НҰР-СҰЛТАН. 15 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Ұлттық Банкі TAYELSIZ QAZAQSTANGA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады.
 
TAYELSIZ QAZAQSTANGA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.
 
Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, ҚҰБ логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPYBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.
 
Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі көрініс тапқан. Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда Ұлттық Банк Елбасының портреті бар мерейтойлық банкнотты айналымға шығарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны