15.08.2022, 16:18 12766
Мәдениет және спорт министрлігі "АртСпорт" бағдарламасы бойынша ваучерлердің таратуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Достарға айту
WhatsApp чаттарында бүгін астанада сағат 16:00-де Артспорт бағдарламасы аясында ваучерлер үлестірілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі ваучерлерді үлестірген емес және үлестірмейді де. Бұл жұмыс жергілікті деңгейде жүргізіледі", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Өткен аптада Тоқаев Абаевқа бұқаралық және балалар спортын дамытуды тапсырды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.12.2025, 13:43 1251
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 13:01 1606
2025 жылғы су тасқыны кезеңінде 16 млрд текше метрден астам су келді
Достарға айту
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетовтің айтуынша, 2025 жылы су тасқыны кезеңі алдында "Қазгидромет" РМК дерегіне сәйкес жалпы ағын 14-20 млрд м3 шамасында болжанды. Осыған орай тасқын суды қабылдау және қауіпсіз босату мақсатында алдын ала су қоймаларда қажетті бос көлемдер қамтамасыз етілді. Су тасу кезеңінде нақты ағын көлемі 16,7 млрд текше метрді құрап, су қоймаларында биылғы жылғы вегетацияға қажет су көлемі жиналды. Бұдан басқа, су тасқыны кезеңінде ағын суларды модельдеу және су басу қаупін бағалау мақсатында орталық, солтүстік және батыс өңірдегі өзендердің басым учаскелерінде өзендердің жайылма бөлігіне батиметриялық түсірілім жүргізілді, олардың нәтижелері "Тасқын" АЖ жүйесіне енгізілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Жалпы, 2025 жылғы су тасқыны кезеңі алдын ала дайындықтың, су қоймаларының бос сыйымдылығының ұлғаюының және инфрақұрылымды жаңғыртудың арқасында тұрақты өтті", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, әкімдіктермен бірлесіп, елді мекендерге жақын өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол карта қабылданды. Атап айтқанда, 10 облыста 51 өзен учаскесі мен 1 көлде санация жасау қажеттілігі белгіленді, онда бірінші кезекте жалпы ұзындығы 814,06 км өзендерді санациялау қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 11:38 5036
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Достарға айту
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде
10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізді, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 6 362; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 1 495; халықты жұмыспен қамту бойынша - 45.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 09:36 5441
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.12.2025, 11:12 6231
Көлік министрлігінде Орталық Азия бағытында астық жүктерін тасымалдау мәселелері қаралды
Сурет: railways.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының және "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық жүктерін тасымалдау мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артты.
Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі.
Аталған бағыттағы өткізу көлемінің артуы Өзбекстан Республикасындағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне алып келгені атап өтілді. Бұл өз кезегінде екі елдің көлік әкімшіліктері арасында жедел және келісілген шаралар қабылдауды талап етеді.
Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8-9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 17:06 6341
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысында төбелеске қатысқан шенеунікті жұмыстан шығаруды ұсынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі барлықөңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, оның ішінде жағымсыз жағынан көрініс тапқан әрекеттер мен БАҚ-тағы сыни материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде, 5 желтоқсан күні Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады. Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін "атқарып отырған лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Әдеп жөніндегі кеңес С.Жалықұл тарапынан орын алған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 10:59 6791
CITES Қазақстаннан киіктің мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастауды бекітті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Самарқандта өткен CITES Конвенциясы Тараптарының 20-шы Конференциясында (2025 жылғы 24 қараша - 5 желтоқсан) тек түрдің қазақстандық популяциясынан шығатын киік мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Киіктің мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастау бойынша ұлттық ұстанымды ілгерілету үшін Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының кеңейтілген делегациясы құрылды, оның құрамына CITES әкімшілік және ғылыми органы - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, ҚР ҒЖБМ ҒК "Зоология институты" ШЖҚ РМК, сондай-ақ "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) Ұлттық цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі мәселелері бойынша сараптамалық қолдауды қамтамасыз еткен - Tabiǵi Orta және "Қазақтелеком" АҚ.
5 желтоқсанда Тараптар конференциясының ресми жабылу рәсімінде CITES Бас хатшысы Ивонн Игуэро өз сөзінде киікті сақтаудағы Қазақстанның табыстарын атап өтіп, осы табыс елімізге түрдің дериваттарымен халықаралық сауданы қайта бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті: "Түрді қорғау жөніндегі дәйекті күш-жігердің арқасында Қазақстанда киіктің саны тарихи кезеңнен 21 мыңнан 4 миллионнан астам басқа дейін өсті. Бұл әсерлі нәтиже түрдің ұзақ мерзімді тұрақтылығына сенімділік ұялатады және Тараптарға сақтық, қатаң бақыланатын тәсіл кезінде Қазақстаннан дериваттардың халықаралық саудасын қайта бастауға келісуге мүмкіндік берді".
Нөлдік квотаны алып тастау туралы ұсыныс - бұл тек қана қорғау моделінен ғылыми негізделген, орнықты пайдалануға көшудің жаңа кезеңі, онда кез келген пайдалану тиімді бақылау жүйесі болған кезде дериваттардың (мүйіздердің) бақыланатын заңды саудасын қоса алғанда, түрі және оның мекендеу ортасы үшін қауіпсіз болып қала береді.
Қазақстан мүйізбен реттелетін халықаралық саудадан түсетін кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтауға, экожүйелерді мониторингілеуге және қалпына келтіруге бағыттау міндеттемесін растады.
Консенсусқа қол жеткізу алдында жиырмасыншы Тараптар конференциясына дейін басталған және Конференция аясында жалғасқан кеңестердің кең сериясы болды, онда қатысушы елдермен, өңірлік топтармен, халықаралық ұйымдармен және жетекші тәуелсіз сарапшылармен екіжақты кездесулер қарқынды өткізілді.
Конференция аясында Қазақстан делегациясы 31 екіжақты кездесу өткізді, оның ішінде 22-сі елдер және үкіметаралық делегациялармен, 9-ы халықаралық ұйымдармен.
Қазақстан делегациясы сондай-ақ өңірлік алаңдарда: Азия тобы елдерінің, Африка мен араб елдерінің 3 кеңесінде өтінімді қолдау мәселелерін белсенді пысықтады.
Қазақстан делегациясының консультациялық процесінің ашық, дәлелді және серіктестік сипаты елдің халықаралық ұстанымын нығайтты, оң халықаралық имиджді қалыптастыруға ықпал етті және CITES тараптарының оң шешімінің негізгі факторы болды, оның шеңберінде Қазақстанның ұсынысы қаралды.
CITES тараптарының дауыс беру қорытындылары бойынша: 111 ел - "қолдады" (94%), 7 ел - "қарсы" (Моңғолияны қоса алғанда).
Қазақстан сондай-ақ киік популяциясын тұрақты басқару биоәртүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасының қисыны мен мақсаттарына сәйкес келетінін атап өтті, соның ішінде:
- экожүйелердің тұтастығын сақтау (1-міндет),
- тозған жерлер мен жайылымдарды қалпына келтіру (2-міндет),
- әлсіз далалық және шөлді экожүйелерге жүктемені азайту кезінде жабайы фаунаны тұрақты пайдалану (5-міндет).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 21:29 61956
Еріктілер қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы маңызды миссия атқарып келеді - Президент
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жоғары мәртебелі! Құрметті делегаттар!
Орнықты даму мақсаттарына сай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған алқалы жиында сөз сөйлеу - мен үшін зор мәртебе.
Бұл айтулы уақиға еріктілердің рөлін күшейтуге, олардың ұлттық және жаһандық прогреске қосатын үлесін еселеуге бағытталған ортақ ұмтылысымызды көрсетеді.
Қазақстан халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, осы бастаманы көтерді.
Еріктілер қозғалысы Орнықты даму мақсаттарына жету жолындағы азаматтық белсенділік пен прогреске ықпал ететін ізгі амалдың жасампаздық қуатына айналарына кәміл сенеміз.
Қазіргідей алмағайып заманда еріктілер адам өмірін сақтау, қиындыққа душар болған жандарға жәрдемдесу, қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы аса маңызды миссия атқарып келеді.
БҰҰ Еріктілер бағдарламасы дүние жүзінің әр қиырында қызмет етеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір мақсатқа жұмылдырады.
Жер-жаһандағы миллиондаған адам Ұйымнан бөлек те волонтерлік қызметке атсалысады.
Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды.
Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптеуге үлес қосқысы келетін мыңдаған азаматты біріктірді. Бұл жоба БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы жаһандық бастамаларымен үндеседі.
Осы орайда Алматы қаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабына айналдыру ниетін құптаймыз. Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы осындай мүмкіндікке жол ашты.
Бұл ретте Алматыда БҰҰ Еріктілер бағдарламасының субөңірлік кеңсесінің ашылуы Қазақстанның азаматтық белсенділікті және жаһандық серіктестікті дамытуға бейіл екенін көрсетеді.
Аталған бастамалар әлемдегі сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен өзара сенімнің арқасында еңсеруге болатынын растайды.
Барша елдің еріктілерін БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік интеграция және жастарды қолдау бағытындағы бастамаларына қосылып, өзара тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз.
Қазақстан БҰҰ Еріктілер бағдарламасына ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар жастардың, әйелдердің және шалғай аймақ тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейту үшін серіктестік аясын кеңейтуге үндейді.
Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толды. Осы маңызды кезеңде баршаңызды әділ әрі жасыл әлем қалыптастыру жолында ынтымақ-бірлігіміздің берік екенін көрсетіп, адамзат игілігі үшін бірлесіп әрекет етуге шақырамын.
Қазақстан айтулы жыл аясында және одан кейінгі кезеңдерде де әлеуметтік маңызы бар еріктілер қызметін қолдау үшін БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса жұмыс істеуге әрдайым дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.12.2025, 09:3610-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді 08.12.2025, 11:38 3651Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады08.12.2025, 10:33 1306Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді08.12.2025, 12:02 906Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам көз жұмды08.12.2025, 13:01 4862025 жылғы су тасқыны кезеңінде 16 млрд текше метрден астам су келді
05.12.2025, 16:59 90871Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 19:42 78166Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында05.12.2025, 20:48 77876Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 21:56 77626АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 22:59 77151Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті
13.11.2025, 17:40 176671Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175146Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151886Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146421Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146071Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

