03.03.2026, 10:53 956

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды
Сурет: pexels.com
2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 111,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 75,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - ОТҚ), 7,2 мың - ымдау тілі қызметін, 23,8 мың - жеке көмекшінің, 5,2 мың - шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 607 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1022 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 785 ымдау тілі және 132 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны