Президент Ту көтеру рәсіміне қатысты
Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз - күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін тәуелсіздік - ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені - аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртын біріктірген. Абылай ханның ақ туы бүкіл қазақтың басын қосқан. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған. Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды", - деді Мемлекет басшысы.
Біз асыл құндылықтарымызды аяқ асты етуге жол бермейміз. Биыл мемлекеттік рәміздерді қорлаған адамдарды жазалау шаралары күшейтілді. Түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Отаншылдық мемлекеттік рәміздерді қастерлеуден басталады. Біз ұлттық нышандарымызды ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеміз. Оларды отансүйгіштік, жасампаздық рухта тәрбиелейміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық, тәрбиелік мәні айрықша", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар. Айтулы мерекелер мен әлемдік дүбірлі спорт сайыстарында жеңіске жеткен кезде жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншілік оты лаулап, елімізге деген мақтаныш сезімі пайда болады. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз - мемлекетіміздің мәртебесі, халқымыздың ар-намысы. Олар алға қарай нық қадам басып, биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
- AI Young Talents - ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;
- AI Driving Power - мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;
- AI Innovators - ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;
- Future Builders - ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту - экономика үшін туристер ағынын ұлғайтуға және инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін маңызды жобалар. Оларды жүзеге асыру негізсіз созылып бара жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысқа толық кіріскен жоқ. Барлық мәселені жедел және бірлесіп шешіңіздер", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есеге төмендеді
Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде", - деп хабарлады Айжан Бижанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті
Мұнда Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу туралы сөз болып отыр. Цифрландыру мен есепке алу су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сенімді деректердің болуы және бірлескен мониторинг мемлекеттер арасындағы сенімнің негізі болып саналады және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2026, 14:53Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды 24.04.2026, 21:57 56811Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму24.04.2026, 16:47 13316Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі24.04.2026, 15:50 13071Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды24.04.2026, 12:55 12751Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
10.04.2026, 23:02 725646Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды10.04.2026, 22:00 460961Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады445676Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады13.04.2026, 21:35 445481Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 445286Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда

