21.07.2022, 15:28 29186

QazBioPharm қызметіне 380 млн теңге бөлінді

"QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді.
НҰР-СҰЛТАН. 21 ШІЛДЕ - "QazBioPharm Ұлттық холдингі " акционерлік қоғамының қызметіне 380 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді", - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 
Сонымен қатар, "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ-ның Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінде жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, холдинг жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестері биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын тұрақты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіптің дамуын ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында холдингтің иеленуіне және пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды басқаратын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны