01.07.2022, 17:11 34221
ҚР-да жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттық жүргізу ережелері өзгерді
Достарға айту
Енді жер учаскесін сауда-саттыққа (аукциондарға) шығару мынадай екі тәсілмен жүзеге асырылады:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің (сатушы) сауда- саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыруы және бекітуі;
2) геоақпараттық сервистен (геосервис) жер учаскелерін алуға мүдделі тұлғалардан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы ұсыныстардың (ұсыныс) келіп түсуі.
Бұрынғы басылымда сатуға шығарылған жер учаскелерінің тізімін сатушы бекіткен болатын.
Ұсыныс беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) геосервисте ұсыныс беру;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдар болмаса, жер учаскесінің шекараларын енгізу, жер учаскесі бойынша тақырыптық деректерді цифрлық картада жүктеу;
3) ұсынысқа қол қою.
Ұсыныс беру үшін геосервисте тіркеу мынадай деректерді көрсете отырып жүзеге асырылады:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
3) байланыс деректері (почталық және электрондық мекенжайлары, телефоны).
Жаңа ережелерде конкурсты өткізу рәсімін регламенттейтін параграф алынып тасталды. Енді жер телімдерін сату аукционда жүзеге асырылады.
Бұйрық 2022 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.02.2026, 08:10 38866
Мәжіліс ғалымдарға академиялық еркіндік беретін заң жобасын талқылайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Онда депутаттар ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылап, Қазақстан мен Аустрия Үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялауы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Сонымен Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қарайды. Бұл құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесін айқындау, олардың академиялық еркіндігі мен шығармашылық еркіндігін, құқықтарының кепілдіктерін бекіту, сондай-ақ ғылыми қызмет бағыттарын өз бетінше жоспарлау және таңдау құқығы қамтылып отыр.
Сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамға шамадан тыс аудиториялық жүктемені шектеу енгізіледі. Ғылыми зерттеу жүргізу мерзімдерін бекіту, оларды қаржыландыру тәртібі, сондай-ақ оқушыларға олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына дайындалу үшін ғылыми инфрақұрылымды пайдалану құқығын беру жөніндегі нормалар ұсынылады. Заң жобасында композиттік қызметті енгізу есебінен дәрілік заттарды тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібін енгізу, референс-зертханаларды реттеу тәртібін айқындау және өзге де нормалар көзделеді.
Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Аустрия Үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы келісімді қарайды. Бұл келісімді Мәжіліс 4 ақпан күні жұмысқа алған болатын. Сол кезде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева 2025 жылғы 28 ақпанда Астана қаласында рәсімделгенін айтты.
- Келісім Қазақстан мен Аустрия аумақтарында ұлттық заңнаманы бұзған адамдарды қабылдау және транзиттеу мәселелерін реттейді. Келісімді ратификациялау екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қолайлы жағдайларын қамтамасыз етеді және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттырады. Келісім Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңына сәйкес ратификациялауға жатады, - деген еді Мәжіліс депутаты.
Бұдан бөлек, депутаттар әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызметті, педагог мәртебесі мен білім беруді жетілдіру, сондай-ақ педагог мәртебесі бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу мәселелері туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.
Айта кетейік, бұған дейінгі Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
- Бүгінгі таңда газ саласы Қазақстан үшін бір мезгілде үш маңызды міндетті атқарып отыр. Біріншіден, тауарлық газ - шектеулі әрі стратегиялық ресурс, оны тиімсіз пайдалану болашақта энергетикалық және экономикалық тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда елімізде газдың ресурстық базасы шамамен 3,8 трлн текше метрді құрайды. ал жылдық өндіру көлемі 60 млрд текше метрдің айналасында, - деді заң жобасын таныстырған мәжілісмен Еділ Жаңбыршин.
Оның айтуынша, екіншіден, елімізде газ көмірге қарағанда экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза энергия көзі ретінде климаттық күн тәртібіндегі міндеттерді орындауда маңызды рөл атқарады.
- Үшіншіден, бұл - елді газдандыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және өңірлер арасындағы әлеуметтік теңгерімді қамтамасыз ету құралы. Газдың жылдық өндіру көрсеткіштер сырттай жеткілікті көрінгенімен, бүгінгі күні мемлекеттің ішкі тұтыну көлемі 21,6 млрд текше метрге жетті. Қазіргі таңда елімізді газдандыру деңгейі 64,2 пайызды құрап отыр, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, заң жобасын Мәжіліс қабылдаған жағдайда Жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю станцияларының шекті санын белгілеу құқығы беріліп,газ тұтыну нормадан асқан жағдайда баға белгілеуде сараланған тәсіл қолданылылады.Газды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі қалыптастырылып,жаңа автогаз құю станциялары сыйымдылықтарды жер астына орналастыруға міндеттеледі.
Сонымен қатар депутаттар Қазақстан мен Перу Республикасының ынтымақтастығына қатысты үш заңды қабылдады.
Бірінші қабылданғаны - "Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Заң. Шарттың негізгі мақсаты - тараптардың өзара ынтымақтастығы мен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстың алдын алу, тергеу, қылмыстық қудалау және жолын кесу тиімділігін арттыру.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметінше, құжат аясында өзара құқықтық көмек ақпарат беруді, адамдарды анықтауды, іздестіруді, тінтуді және жауап алуды, сараптама жүргізуді, дәлелдемелер беруді, сондай-ақ тараптардың ұлттық заңнамаларында көзделген көмектің басқа да нысандарын қоса алғанда, бірқатар шараны іске асыруды көздейді.
Екіншісі - "Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Заң.
Шарттың негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өздері азаматтары саналатын мемлекетте жазасын өтеу үшін беру тәртібі мен шарттарын айқындау мәселелерінде тиімді ынтымақтастық орнату. Құжат бойынша бір тараптың аумағында сотталған адам белгіленген жазаны өтеу үшін екінші тараптың аумағына берілуі мүмкін.
Қабылданған үшінші құжат - "Қазақстан мен Перу арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Заң.
Шарт тараптардың аумағында жүрген, ұстап беруге алып келетін қылмыстары үшін қылмыстық қудалау мақсатында немесе соттың заңды күшіне енген үкімін орындау үшін іздеуде жүрген кез келген адамды ұстап беру бөлігінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Құжатта адамдарды ұстап берудің және одан бас тартудың нақты негіздері қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 14:39 356
Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 13:34 161
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен
Өз кезегінде энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынын жеткізу туралы хабарлады.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2026 жылғы қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2026 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге "2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын беру кестесін" бекітті. 2025 жылы АШТӨ үшін дизель отынының бағасы тағайындалған стансада ҚҚС-пен бірге литріне 232 теңгені, ал түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрады. Бұл ЖЖҚС-дағы бағадан 15-40%-ға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін: жеке ПИН-кодтар алынды; дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу; электрондық шот-фактура жүйесінде дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру жөнінде шаралар қабылданды. Аталған шаралар мұнай жеткізушілер тарапынан дизель отынын АШТӨ операторларына мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2023-2025 жылдары өңірлерге жөнелту үшін жылына орташа есеппен 800 мың тоннадай дизель отыны бөлінген, ал АШТӨ-лердің нақты пайдалану көлемі жоспардың шамамен 80%-ын құраған. Одан бөлек 2025 жылы қосымша түрде күзгі-дала жұмыстарына астық және майлы дақылдарды кептіру үшін 60 мың тонна дизель отыны бөлінді. Осылайша, былтыр АШТӨ үшін бөлінген дизель отынының жалпы көлемі 863 мың тоннаны болды.
Жөнелту көлемі АШТӨ-нің өтінімдеріне, төлем жүргізуіне және вагондарды ұсынуына байланысты. АШТӨ-ге арналған дизель отынын жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 12:32 251
Қазақстанда көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге бағытталады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен
Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, жеңілдетілген несиелеу тетіктері және диқандарды ресурстармен қамтамасыз ету туралы айтты.
Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп 2026 жылға егіс алқаптарының болжамды құрылымын бекітті. Ол бидай алқаптарын қысқарту және жоғары сұранысқа ие дақылдардың үлесін ұлғайту бойынша әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталған. Биыл жылпы егістік аумағы шамамен 123,8 млн гектар құрайды, бұл өткен жылдан 180 мың гектарға көп. Соның ішінде майлы дақылдар алаңы 55 мың гектарға, азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, ал ұйымдастырылған шаруашылықтардағы картоп алаңдары 10 мың гектарға көбейеді. Бұл ретте бидай егіс алаңы 125 мың гектарға қысқартылып, 12,1 млн га құрайды.
Сонымен қатар, Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, жүгеріні терең өңдейтін инвестициялық жобаларды шикізат базасымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты жүгері бойынша әртараптандыру индикаторларын қайта қарап, оның егіс алқаптарын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Биыл жүгері алқаптарын 265 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 мың гектарға көп", - деді ол.
Осы мақсатта министрлік Қытайдың солтүстік өңірлерінде біздің елімізге ұқсас топырақ-климаттық жағдайларда жүгері өсіретін компаниямен кездесу өткізген. Бұл компания тұқым, тыңайтқыш жеткізу және өсіру тәжірибесімен бөлісу арқылы практикалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Қазіргі уақытта кәсіпорынды жүктеу мақсатында Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруаларды форвардтық қаржыландыру және кейіннен жүгеріні инвесторға өткізу мүмкіндігі пысықталуда. Осыған байланысты министр өңірлерден жүгері өсіру бойынша халықаралық тәжірибені қабылдап, оның егіс алқаптарын кеңейту бағытындағы жұмысты жандандыруды сұрады. Бұл бірінші кезекте солтүстік өңірлерге қатысты. Ол жақта жүгері бір жыл өссе, бір жыл өспейді, сндықтан осындай тәжірибені кіргізу қажет.
Бұдан басқа, республиканың оңтүстік өңірлерінде күріш пен мақта сияқты суды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, су пайдалану лимиттеріне сәйкес күріш алаңы 20 мың гектарға қысқартылады. Мақтаның егіс алаңы 162,4 мың гектарды құрап, оның ішінде тамшылатып суару алаңдары 29,8 мың гектарға ұлғаяды, ал дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алаңдар 12 мың гектарға қысқарады. Жоғарыда аталған егіс алқаптарының құрылымы ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін қажетті өнім алуға мүмкіндік береді. 2026 жылға ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарының құрылымын және әртараптандыру бойынша жаңа индикаторларды бекіту ұсынылады", - дейді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша биылғы егін егу және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар қажетті көлемдегі сапалы тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдар мен техниканы алдын ала және қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (АШТӨ) 200 млрд теңге сомасына қаржыландырылды, бұл жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 27%-ын құрайды
Сонымен қатар "Даму" қоры арқылы кепілдік беру тетігі бойынша егін егу және егін жинау жұмыстары кезінде берілетін қарыздар көлемін 300 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 86 млрд теңге көлеміндегі кредиттерге кепілдік берілді. Сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру үшін кемінде 300 млрд теңге қарастырылатын болады.
Ал "Азық-түлік корпорациясының" форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында 152 АШТӨ-ден 34,1 млрд теңге сомасына өтінімдер келіп түскен, оның ішінде 40 АШТӨ 13,8 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасуда.
Бүгінгі таңда өңірлердің мәліметі бойынша техниканың дайындық деңгейі шамамен 80% құрайды, жаппай егіс жұмыстары басталғанға дейін аталған техника 100% дайын болады. Әкімдіктер техниканы жөндеу жұмыстарын күшейтіп, машина-трактор шеберханаларының тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруалар шамамен 25 мың бірлік заманауи техника сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 6,5%-ға жетті. Бұл жоғары өнімділік есебінен егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге, сондай-ақ егістің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, бүгінгі таңда республика бойынша техниканың бос тұрып қалуын барынша азайту үшін елімізде жедел техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін 70-тен астам сервистік орталық жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдау шаралары фермерлер тарапынан сұраныстың артуына ықпал етті, бұл өз кезегінде отандық техниканы өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, бір жылдың ішінде ғана техника өндірісі 22%-ға өсті. Биыл машина-трактор паркін жаңарту деңгейін 8%-ға дейін жеткізу тапсырмасын орындау мақсатында, өндіріс көлемін 9,9 мың бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Ал жалпы ауыл шаруашылығы құралымдарында 139 мың трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 70 мың сепкіш, 141 мың топырақ өңдеу құралы бар", - деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу үшін құны нарықтан 15%-ға арзан болатын 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген.
Шаруаларды тұқымдың материалмен қамтамасыз ету және оны себудің сапасын тексеру мониторингіне ерекше көңіл бөлінуде. Облыстар әкімдіктерінің мәліметі бойынша тұқым дайындау толық көлемде қамтамасыз етіліп, 2,3 млн тонна тұқым дайындалды. Бүгінгі күні 1,6 млн тонна тұқымның сапасына сараптама жүргізілді, оның нәтижесі бойынша тұқымдардың 99%-ы кондициялық болып танылып, себу стандартының бірінші және екінші сыныптарына сәйкес келеді. Тұқымды жаппай тексеру сәуір айының ортасына дейін аяқталады.
Тұқым сапасын қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдаудың рөлі ерекше. 15 ақпаннан бастап тұқымды субсидиялаудың жаңа тетігі күшіне енді, ол отандық тұқым шаруашылығы субъектілерін қолдауға бағытталған.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық сорттарды сынақтан өткізуге де ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы мемлекеттік сортты сынау жүйесі тарапынан Қазақстан аумағында пайдалануға қазақстандық селекцияның 45 жаңа жоғары өнімді сорты ұсынылды, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен үш есе артық. Сонымен қатар, майлы, дәнді-бұршақты, азықтық және жармалық дақылдар сияқты жоғары сұранысқа ие дақылдардың сорттарын шығаруға айрықша назар аударылуда. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын одан әрі әртараптандыруға ықпал етеді.
Климаттың өзгеруі жағдайында сортты сынау шаралары заманауи, жоғары дәлдікті әрі барынша объективті болуы тиіс, яғни нақты топырақ-климаттық жағдайларға сәйкес сорттарды дұрыс таңдауға нақты көмектесуі қажет. Сортты сынау желісін жаңғырту мақсатында шетелдік селекция сорттарын ақылы негізде сынауды енгізу ұсынылады. Бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, мемлекеттік сортты сынау учаскелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және зерттеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді Айдарбек Сапаров.
Министр тыңайтқыштар жайына да тоқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тыңайтқыш енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-іне жетіп, 1,8 млн тоннаны құрады. 2026 жылға тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тонна болып белгіленді. Бүгінгі таңда 245 мың тоннаға келісім шарт жасалды. Бұл жалпы көлемнің 10%-ы ғана. Сол себептен облыс әкімдіктері осы бағыттағы жұмыстарды күшейтулері қажет. 2024 жылы іске қосылған минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың аванстық тетігі химия саласының дамуына және отандық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайтуға оң ықпал етті. Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша КазАзот зауытының тыңайтқыш өндірісі 11,5%-ға артты, ал Казфосфат өндіріс көлемін 1,8 есеге ұлғайтты.
Әкімдіктерге егіс науқаны үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру мақсатында қар тоқтату және ылғалды ұстап қалу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін еске салғым келеді. Сонымен қатар, тұқым таңдау, себу мерзімдерін сақтау, тыңайтқыштарды пайдалану, себуге дейінгі топырақты өңдеу және басқа да қажетті іс-шараларды уақтылы әрі дұрыс орындауға ерекше назар аудару қажет. Атап айтқанда: оңтайлы агромерзімдерді сақтау мақсатында техниканың оның тоқтап қалуын болдырмау үшін толық дайын болуын, оның ішінде жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз ету; дизель отынын уақтылы және ашық түрде бөлуді ұйымдастыру; мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін ескере отырып, бюджет шығындарын азайту мақсатында тұқым сапасына сараптаманы шаруалардың өз қаражаты есебінен жүзеге асыру ұсынылады. Өйткені, олар субсидия алады. Бұған дейін оған ақшаны Үкімет төлеп келді", - деді ол.
Осы ретте фермерлермен тыңайтқыш жеткізу бойынша келісімшарт жасау жұмыстарын жандандыру керек. Қазіргі нарық талаптарына және климаттық ерекшеліктерге сәйкес келетін жоғары өнімді, құрғақшылыққа төзімді және жоғары сұранысқа ие дақылдарға көшу арқылы егіс алқаптарын ғылыми негізде әртараптандыру мәселесіне бірінші кезекте мән беру қажет. Көктемгі науқанды өткізу барысын министрлік ерекше бақылауда ұстап отыр. Барлық өзекті мәселелер мүдделі тараптарды тарта отырып, министрліктің Жедел штабының отырыстарында қаралып, шешілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 11:45 171
Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын барынша азайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендерді, инфрақұрылым нысандарын қорғауға және су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді алдын алу шаралары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстарға аэровизуалды тексеру жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтің басшылығымен құрылған жұмыс тобы ТЖД, Ертіс бассейндік су инспекциясы және "Қазгидромет" өкілдерімен бірлесіп, Ертіс және Оба өзендерінің арналарын, қар қорын және су шаруашылығы нысандарының жай-күйін бағалады. Тексеру қорытындысы бойынша гидрологиялық ахуалдың тұрақты екені және Шүлбі ГЭС-тің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны атап өтілді. Сонымен қатар су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және өңірдегі барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылын үйлестіру мақсатында қосымша алдын алу шаралары айқындалды.
Ақмола облысында 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында өтіп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы аясында Көкшетау қаласында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға ТЖД қызметкерлері, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары және волонтерлер қатысты. Қатысушылар зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын үйлердің ауласындағы қарды тазалауға көмектесті, сондай-ақ қаптарды инертті материалдармен толтыру жұмыстарына атсалысты. Жалпы 60 зейнеткерге, 30 көпбалалы отбасыға және 57 жалғыз тұратын азаматқа көмек көрсетілді. Жұмыстар 403 аулада жүргізіліп, 1138 адам қамтылды, оларға қауіпсіздік шаралары бойынша 583 ұсыным табысталды. Қыс мезгілінің басынан бері жергілікті атқарушы органдар 979 мың текше метр қар шығарды, жалпы көлемі 20 316 мың тоннаны құрайтын 225 400 қап инертті материал дайындалды. Жұмыстарды жедел жүргізу үшін тиегіш пен самосвал сияқты арнайы техникалар пайдаланылды.
Шығыс Қазақстан облысында су қоймаларын тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті органдар 258 мыңнан астам текше метр қар шығарды. Су тасқыны қаупіне жедел әрекет ету үшін облыста жеке құрамнан 3677 адам, 234 мотопомпа, 75 жүзу құралы және 500-ден астам бірлік техникадан құралған күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Сондай-ақ 58,7 мың қап, 9957 тонна инертті материал және 386 тонна жанар-жағар май қоры дайындалды. ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге алдын ала дайындалуды ұсынады: аула аумақтарын қардан тазалау, арықтар мен еңістіктерді мұздан тазарту арқылы еріген судың ағуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құм салынған қаптар мен инертті материалдарды дайындау.
Жетісу облысында су тасқынының алдын алу мақсатында инженерлік іс-шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылы жоспарланған 26 жобаның 24-і толық орындалды: 3 км қорғаныш бөгеттер салынды және жөнделді, 14,8 км су ағызу каналдары мен арықтар қазылды, 11 км өзен арналары мен каналдар тазартылды, 13 км учаскеде өзен арнасының түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Қалған жобалар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Өңірдегі гидрологиялық ахуал тұрақты, су деңгейі орташа көпжылдық көрсеткіштерге сәйкес, мұз кептелістері тіркелген жоқ. Жеке құрамнан 2965 адам, 534 бірлік техника, 193 мотопомпа және 27 жүзу құралы әзірлікке келтірілді. 130 мың қап, 5,5 мың тонна инертті материал және 82 тонна жанар-жағармай қоры, 235 эвакуациялық пункт дайындалды.
Өңірлерде қабылданып жатқан кешенді шаралар су тасқыны кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және гидрологиялық ахуалды тұрақты сақтауға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 18:11 20291
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Президент оған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешу үшін британиялық менеджермен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 17:49 20696
Жобалық кеңсенің отырысында ЖЖМ импортын ҚҚС-тан босату, бау-бақша кооперативтеріне салық салу және өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен өзара іс-қимыл мәселесі қаралды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің алтыншы отырысында жаңа Салық кодексінің нормаларын имплементациялау мәселесінің кезекті тобы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бау-бақша қоғамы: ҚҚС бойынша есепке тұру керек пе?
Отырыста бау-бақша кәсіподақтарының өтініштері қаралды. Бау-бақша қоғамдары тұтыну кооперативі түрінде коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеледі. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінің 40 млн теңгеге дейін төмендеуіне байланысты, ҚҚС төлеуші болу міндетті ме деген сұрақ туындап отыр.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов түсіндіргендей, тұтыну кооперативі дегеніміз - жалпы шығынды жабу үшін мүшелік жарна есебінен ортақ қор құратын азаматтардың бірлестігі. Мұндай жарна тауар немесе қызмет үшін төлем болып саналмайды, яғни ҚҚС бойынша салық салынатын айналым деп танылмайды. Тиісінше, мүшелік жарнаны алған кезде ҚҚС пайда болмайды да, мұндай жарна бойынша шот-фактура жазылмайды. Осы себепті, ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттілігі жоқ.
ҚҚС бойынша міндет кооператив қосымша кәсіпкерлік қызмет жүргізіп, тауарды немесе қызметті сатудан кіріс алған жағдайда ғана туындауы мүмкін.
Егер қызмет жарна жинаумен және оны кооператив мүшелерінің қажеттілігіне жұмсаумен шектелсе, салық салынатын табыс пайда болмайды.
ЖЖМ импорты кезінде ҚҚС-тан босату
Жиында халықаралық тасымалдау кезінде әуе кемелері пайдаланатын жанар-жағармай материалы импортын ҚҚС-тан босатуды көздейтін Салық кодексінің 479-бабының нормалары талқыланды. Ол дипломатиялық немесе консулдық мекемелер тарапынан отынды мақсатты пайдалану туралы қосымша растауды көздейді. Отырысқа қатысушылар мұндай талаптарды артық деп таныды. Артық бюрократияны болдырмау үшін бұл шарт қолданылмайды.
Резидент еместердің қызметі бойынша шот-фактура
2026 жылдан бастап резидент еместерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде шот-фактура жазып беру талабы енгізіледі. Бұл ретте ҚҚС төлеуші мен төлемейтіндер үшін тәртіп әр түрлі. Мемлекеттік кірістер комитеті жақын арада осы нормалардың іс жүзінде қолданылуы жөнінде ресми түсініктеме береді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен жұмыс істеу кезіндегі шығыстар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өндірісін растау
Ұзақ қарастыруды және жан-жақты талдауды талап ететін жүйелік мәселе ретінде, ЖШС-ның мүмкіндігі бойынша жалпыға бірдей белгіленген режимде КТС бойынша шығысты, егер тұлға бір мезгілде осы серіктестіктің құрылтайшысы болып табылса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғамен шартқа сәйкес, шегерімге жатқызу мәселесі қаралды.
Қазіргі уақытта Салық кодексінде мұндай шығысты шегерімге жатқызуға тыйым жоқ. Жеке тұлғаның (оның ішінде құрылтайшының) қосымша мәртебесі шегерімнен бас тартуға негіз болмайды.
Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін режим бастапқыда өзге кәсіпкерлік қызметті жүргізбейтін адамдарға арналғаны атап өтілді. Еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық шартпен алмастыруға жол берілмейді.
Бұл мәселе Жобалық кеңсенің келесі отырысында да қаралады.
Сондай-ақ, арнайы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтарының өнім өндірісін растау мәселесі талқыланды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін сату кезінде сұр импортты болдырмау үшін қажет. Егер мал шаруашылығында малдың шығу тегі ақпараттық жүйе арқылы расталса, егін шаруашылығында қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Растау механизмі нақтылауды қажет етеді. Мәселе бейінді мемлекеттік органмен бірлесіп пысықталып, Жобалық кеңсесінің кезекті отырысына шығарылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 14:47 20761
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады
Достарға айту
ҚР Президентінің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаражат 1:50 000 масштабындағы екінші буынды (ГС2-50) 20 геологиялық түсірілім жобасын жүзеге асыруды бастауға бағытталады. Жұмыстар шамамен 100 мың шаршы шақырымды қамтиды, бір учаскенің орташа ауданы шамамен 5 мың шаршы шақырым. ГС2-50 бағдарламасы заманауи геофизикалық, қашықтықтан және геохимиялық зерттеу әдістерін, сондай-ақ деректерді терең цифрлық өңдеуді қолдануды қарастырады. Бұл өзекті геологиялық карталарды қалыптастыруға және перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Биыл аэрогеофизикалық және далалық жұмыстар, соның ішінде геохимия, бұрғылау және арықтар қазу жоспарланған. Дала жұмыстары маусымының қорытындысы бойынша сынамаларға алдын ала зертханалық талдау жүргізілетін болады. Болжамды ресурстарды нақтылай отырып, анықталған және бұрын белгілі кен аймақтары мен перспективалы алаңдарды мамандандырылған зерттеуге, сондай-ақ болжамды ресурстарды есептей отырып, кен алқаптарын бағалауға ерекше назар аударылады. Алынған нәтижелер егжей-тегжейлі іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болады.
Геологиялық түсірілім Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарының аумақтарын қамтиды. Сондай-ақ Шу-Сарысу және Солтүстік Торғай аумақтарында зерттелмеген мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейндердің 2D сейсмикалық барлау жұмыстарының 6 жобасын жүзеге асыру көзделген. Қазіргі уақытта олардың геологиялық зерттеу деңгейі көмірсутектердің мұнай-газдың жеткілікті мөлшері мен ресурстық әлеуетін сенімді бағалауды қамтамасыз етпейді. Сейсмикалық барлауды жүргізу мұнай мен газ кен орындарын локализациялау үшін перспективалы құрылымдарды анықтауға, сондай-ақ олардың әлеуетті көлемін бағалауға мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыстар - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, геологиялық барлау саласын дамыту және жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін негіз қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.
Барлық жобаларды 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жалпы, үш жылдық кезеңде мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге немесе $500 млн қарастырылған. Осы іс-шараларды жүзеге асыру ел аумағын геологиялық зерделеу деңгейін арттыруға, одан әрі зерттеу үшін перспективалы учаскелерді анықтауға және Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.02.2026, 17:47Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды 26.02.2026, 18:49 184806Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 184446Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 20:53 184226Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі26.02.2026, 21:55 184006Эдинбург герцогы, ханзада Эдвард Орталық Азия елдерінің cыртқы істер министрлерін Лондонда ресми кездесуге шақырды
09.02.2026, 22:39 224691Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 211101Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210971Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210936Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210861Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

