26.05.2021, 19:16 12597

ҚР АҚДМ аппаратының басшысы тағайындалды

Айжан Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Айжан Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Айжан Болатқызы Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
 
Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен. 
 
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады. 
 
1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 
 
1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы. 
 
2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы. 
 
2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы. 
 
2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 
 
2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны