25.07.2023, 19:06 22001

Түркияның пилотсыз ұшатын Anka аппараттары Жамбыл облысында сынақтан өтіп жатыр

Түркияның пилотсыз ұшатын Anka аппараттары Жамбыл облысында сынақтан өтіп жатыр
Сурет: qaz.sarbaz.kz
Жаңа қорғаныс аппараттары Ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу орталығының базасында сынақтан өтіп жатыр.

Іс-шараға 14157 әскери бөлімінің ұшу және инженерлік-техникалық құрамы, сол сияқты Turkish Aerospace Industries өндіруші компаниясының өкілдері қатысып жатыр.


Тесттік ұшулар - қабылдау кезеңінің бір бөлігі. Негізгі міндет - кешеннің, жабдықтың және қосалқы жүйелердің жарамдылығын тексеру. Тәжірибелі әскери кешенді пайдалану 2023 жылдың тамыз айына жоспарланып, 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады", - деп түсіндірді ҰҰА жауынгерлік даярлау және қолдану Оқу орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны